Астана-1 теміржол вокзалында жаңа эскалаторлар орнатылады

2018 жылдың 1 қарашасынан Астана-1 теміржолы вокзалы ғимаратында конкорстық өткел жабылды. Екінші және үшінші жолдардан қабылданған пойыздардан түскен немесе мінетін жолаушылар тек тоннелдік өткелмен ғана жүре алады. Бұл есікрген эскалаторларды ауыстырып, жаңаларын орнатумен байланысты.

Вокзал жұмысшылары жолаушыағының реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Вокзалда екінші платформаға шығудың жолы көрсетілген бағыттағыштар ілінген. Вокзал кезекшілері мүмкіндігі шектеулі адамдарға, балаларға, егде жастағы жолаушыларға жедел көмек көрсетуде. Дауыс зорайтқышы арқылы екінші және үшінші жолдарға тоннелдік өткел арқылы өту керектігі үнемі ескертіліп отырылады.

Бұндай шаралардың барлығы да жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттық жағдайдын алдын алу мақсатында жасалып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі