Теңіз арқылы тасымалдау

Біздің компания ұйымдастыратын теңіз арқылы халықаралық тасымалдау –жүктер мен тауарларды кез-келген қашықтыққа жеткізудің үздік жолы. 
«KTZ Express» АҚ Сізге керек кез-келген нүктеге тауардың барлық санатын теңіз арқылы үнемді, жедел және сенімді жеткізілуін ұйымдастыра алады. 
Теңіз арқылы жүк тасымалдауға тапсырыс беретін біздің клиенттерімізге Ақтау, Құрық теңіз айлақтарында жүктерді түсіру/тиеу, порттарда тауарларды сақтау мүмкіндіктері қоса ұсынылады. 

Жүктерді теңіз арқылы тасымалдау құрамдастырылған тізбектің бір бөлшегі болса, портта сіздің жүгіңізді кемеден екінші көлікке тиеп беруге мүмкіндігіміз бар. 
Барлық құжатты ресімдеу; жүкті бастан-аяғына алып жүру; қозғалыстың барлық кезеңінде тасымал барысын бақылау; келісілген мерзімді сақтау; жүктің сақталуына жауап беру. 

Клиенттің тапсырысы бойынша теңіз арқылы халықаралық жүк тасымалдау барысында  көрсетілетін қосымша қызметтер: жүкті сақтандыру және экспедитор жауапкершілігі; порттағы экспедитор қызметі; кедендік ресімдерден өтуге көмектесу; габариттік емес жүктермен жұмыс істеу; кез-келген ультимодальдық жеткізілімді ұйымдастыру.

Мультимодальдық тасымалдау және теңіз арқылы жүк тасымалдау тізбегін жасау мақсатында  «KTZ Express» АҚ 2014 жылы өз кеме компаниясын - «KTZ Express Shipping» ЖШС құрған. 

«KTZ Express Shipping» ЖШС елімізде меншігінде құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер бар жалғыз компания болып табылады. 
Қазіргі таңда «KTZ Express Shipping» ЖШС дедвейті 5 мың тонналық «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері мен 7 мың тонналық «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелеріне иелік етеді. 

Каспий, Қара теңіз, Жерорта және Мәрмәр теңіздерінде жүзіп жүрген бұл қазақстандық кемелер габариттік емес жүктер, астық, металл, металл құбырлар, т.д.жүктерді Ақтау порты-Иранның солтүстігіндегі порттар, Құрық порты- Констанца (Румыния) порты ,Маргера порты (Италия)-Құрық порты, Уние порты (Түркия) – Құрық порты, Деренже порты(Түркия) – Туркменбашы порты (Түркіменстан), Джурджулешты порты (Молдова) – Равенна (Италия), Говсан (Әзірбайджан) – Бартынь (Түркия) бағыттары бойынша тасымалдайды. 

"KTZ Express Shipping" ЖШС ұсынатын қызметтер:   

  • құрғақ жүктерді (астық, металл, контейнер, т.б.) тасымалдау үшін кемелерді кірелеу (фрахтылау) қызметі;
  • пароммен жүк тасымалдауды ұйымдастыру;
  • жүктерді түсіру және тиеу порттарында экспедиторлық және агенттік қызметтер көрсету;

Пайдалы сілтемелер