Ірі тоннажды контейнерлер жөндеу

«KTZ Express» АҚ-ның Түркістан, Ақсу-1, Жіңішке, Жетісу станцияларында контейнер жөндейтін учаскелері орналасқан. 
Қазіргі таңда, Түркістан станциясындағы цех  ең ірі жөндеу учаскелерінің бірі болып табылады.

Жөндеу цехы контейнерлерді, олардың тораптары мен тетіктерін жөндеуге және сынақтан өткізуге арналған арнайы жабдықтармен жарақталған. Цех жыл сайын мәртебені растап отыратын және Біліктілік қоғамы берген «Контейнер жөндеу кәсіпорны деп тану туралы куәлікке» ие және халықаралық стандартар талаптарына сай жұмыс істейді. 

Өндірістік қуат жылына 1 000-дай контейнер жөндеуге мүмкіндік береді.

Ақсу-1, Жіңішке, Жетісу станцияларында орналасқан жөндеу бекеттері контейнерлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді, яғни эксплуатация барысында орын алатын ұсақ-түйек ақаулар мен зақымдауларды жөндейді. 

Біздің компания 10 шақты ұйымның контейнерлерін жөндеумен айналысады. 

Пайдалы сілтемелер