Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жоғары жылдамдықты шаттл-пойызы

«KTZ Express» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 100% еншілес компаниясы және ол көліктің барлық түрімен тасымалдау және логистикалық қызметтер көрсетеді. 

«KTZ Express» -Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кесте бойынша жүріп жатқан жүк пойыздарымен жүк тасымалын ұйымдастыру қызметін ұсынады. 

Бүгінгі таңда Алматы-1 – Қандыағаш бағыты бойынша Атырау, Маңғышлақ, Ақтөбе, Орал тірек станцияларына дейін жол-жөнекей вагондарды тарататын пойыздар қозғалысы ұйымдастырылған. 

Кесте бойынша аптасынан 5 рет Алматы-1 станциясынан, аптасына 1 рет - Маңғышлақ станциясынан жылжымалы құрам жасақталады, жүктер жинақталады.

Және біз Достық-экспорт - Болашақ-экспорт, Алтынкөл-экспорт –Сарыағаш-экспорт транзиттік бағыттары бойынша жүк пойыздары құрамында жүк тасымалын ұйымдастыра аламыз.

Осындай пойыздардың құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру Қазақстан аумағы арқылы теміржолмен жүк тасымалдаудың мерзімін 2-3 есеге қысқартады. 

Және тасымал көлемі жеткілікті болса, басқа да мүдделі бағыттар бойынша кесте бойынша жүк пойыздарын жолға шығаруға әзірміз. 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісімен кесте бойынша қозғалатын пойыздар құрамында «KTZ Express» АҚ арқылы тасымал ұйымдастырудың басымдықтары:
  • Пойыздар тәулігіне 800-1000 шақырым жол жүріп өтеді;
  • Вагон санына қарай «KTZ Express» АҚ ставкасы бойынша жеңілдіктер қарастырылған;
  • «KTZ Express» АҚ-мен келісімшарт бір тәуліктің ішінде жасалады; 
  • Пойыз құрамына қысқа мерзімнің ішінде өтініш беру мүмкіндігі де қарастырылған;
  • Жүкті төлем жасаушы тараптың кодымен жөнелту мүмкіндігі бар.
Біздің қызметімізге мүдделі болсаңыздар, пойыздарды ұйымдастырумен айналысатын менеджерлерге төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады:

Алматы қаласы бойынша өкіл – Дакенов Мейірхан: +7-701-673-7135; 
Астанадағы Орталық кеңсе - Омаров Орынбай: тел. (+7-7172) 611-505 
немесе shuttlektz@gmail.com электрондық адресіне хат жолдаңыздар. 

Пайдалы сілтемелер