Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Көлік-экспедиторлық қызмет көрсету

Біз ұсынатын қызметтер: 
  • вагондармен уақтылы қамтамасыз ету;
  • Толық ақпараттық қызмет көрсету (вагондардың қозғалысын тәулік бойы диспетчерлік бақылау, қаңтарылып тұрып қалған жағдайлар мен жүктің жақындағаны туралы хабарлап отыру);
  • Теміржол бойы стансаларда жасалатын алымдар мен айыппұлдарды, басқа да төлемдерді жоспарлау, төлеу;
  • Қауіпті және аса құнды жүктерді тасымалдау барысын арнайы күзетпен қамтамасыз ету, жүкті сақтандыру және қосымша бақылау ұйымдастыру;
  • Жүк құрамаларының қозғалыс жоспарын теміржол әкімшілігімен келісіп отыру;
  • Жобалау логистикасын әзірлеу;
  • Кеден органдарын алдын-ала хабардар етіп отыру;
  • Теміржол және басқа да көліктермен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру.

Біздің теміржол көліктеріміз қатынайтын аймақ: жолтабаны 1520 мм құрайтын барлық теміржолдар, сондай-ақ Иран, Ауғанстан және Қытайға өтетін шекара өткелдері. 

KTZ Express АҚ өнеркәсіптік жүктер мен тұтынушы тауарларын теміржолмен халықаралық жүк тасымалдау барысында вагондардың диверсификацияланған паркімен жұмыс істейді. 

Арнайы мүмкіндіктер: 

  • жүк тиелген және бос рейстердің дәйекті логистикасы ескеріледі;
  • қауіпті жүктер үшін арнайы тасымал ұйымдастырылады;
  • Алашаңқай және Қорғас стансаларында (ҚХР-мен арадағы шекара) жүк тиеуге вагондар беріле алады; 
  • Қазақстандағы басқа теміржол әкімшіліктерінің вагондары мен инфрақұрылымдарын пайдалану мүмкіндігін ұсынады. 

KTZ Express сонымен қатар, кез-келген жүкті, оның ішінде габариттік емес, ұзын өлшемді немесе ауыр салмақты жүкті тасымалдау жобасын әзірлеуді ұсынады. Біздің активтеріміз бен талай сыннан өткен серіктестеріміз жылжымалы құрам мен тасымалдың кез-келген түрін жасақтауға мүмкіндік береді– біз өзен, теңіз, автомобиль және авиатасымалдарын ұйымдастыра аламыз.

Біздің клиенттеріміздің қатарында жетекші машина жасаушы зауыттар мен концерндер, металлургиялық және құбыр зауыттары, мұнай-газ, энергетикалық және химилық компаниялар, сыртқы сауда бірлестіктері, инжинирингілік және логистикалық компаниялар, т.б. бар. 

  • Көлік инфрақұрылымын алдын-ала зерттеу; 
  • Жүк тасымалдаудың тиімді бағытын әзірлеу, жүк тиеу және оны бекітудің сызбаларын жасау; 
  • Жүк тасымалдауға рұқсат алу; 
  • Инфрақұрылым нысандарын бекіту;
  • Кедендік ресімдеу; 
  • Экспорт пен импортты, экономикалық кедендік режимдерді ресімдеу; 
  • Жүктердің айрықша режимде сақталуын ұйымдастыру;
  • Алдын-ала декларациялау қызметтерін де ұсынамыз. 

Пайдалы сілтемелер