Контейнер сервисі

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТҰРАҚТЫ КОНТЕЙНЕР СЕРВИСІ

Біз ауқымды инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етіп қоймай, жаңа қуаттарды да кеңейтіп жатырмыз. 

Бүгінгі таңда Қытайдың 17 провинциясында, Вьетнам, Корея, Еуропа және Паршсы шығанағы елдерінде жұмыс істеп жатқан біздің Компания, тұрақты контейнер сервисін белсенді ұсынуда. 

Біз клиенттерге жүк жеткізудің бәсекеге қабілетті мерзімін ұсынып отырмыз. Мысалы, Қытай провинциясыларынан тиелетін жүк Еуропаға 9-15 күннің ішінде, Орталық Азия және Ресей елдеріне орта есеппен – 6-8 күнде жеткізіледі. Оған қоса, Қытай, Иран, Ұлыбритания, Түркия арасын байланыстыратын және Қазақстан арқылы өтетін жаңа бағыттар да игерілуде. 

«Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздерін және Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі альянстар аясында біз әріптестермен бірлесіп, транзиттік бағыт бойында кездесетін кедергілерді азайту және бәсекеге қабілетті аралық тарифтер әзірлеу мәселелерін шешудеміз. 

2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнер тасымалының көлемі шамамен 105 мың ЖФЭ (1212 контейнер пойызы) құраған (жоспарланған көрсеткіш - 94,6 мың ЖФЭ (1100 контейнер пойызы). Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 49,9 мың ЖФЭ (581 контейнер пойызы) екі есе жоғары. 

Ал Еуропадан Қытайға қарай кері бағытта жүк тиеу көрсеткіші 2016 жылы 50 % қамтамасыз етілген (ҚХР-ЕО бағытындағы 70 174 ЖФЭ, 808 контейнер пойызы жөнелтілсе, ЕО-ҚХР бағытында 34 391 ЖФЭ, 404 контейнер пойызы жөнелтілген). 
2017 жылдың соңына дейін жоспарланған көрсеткіш - 195 мың ЖФЭ шамасы.

Пайдалы сілтемелер