Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Авиатасымалдау

Біз ұсынатын қызметтер:

  • Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау
  • Чартерлік жүк тасымалы 
  • Жедел чартер
  • Габариттік емес жүктер
  • Қауіпті жүктер
  • Бизнес-чартер
  • VIP ұшақ жалға беру

«Тірі» жүк тасымалдау

1. Жалпы сипаттағы жүктерді тасымалдау 

Тұрақты авиажелілерінің көмегімен кез-келген бағытта жүк жеткізуге көмектесеміз. Сіздің талабыңызға сай келетін бағдар жасап береміз. Тасымал саны мен жиілігін өз қарауыңызға қарай өзгерте аламыз.

2. Чартерлік жүк тасымалы

Біз бірінші санаттағы қызметтер ұсынамыз:

  • Жүк тасымалдаушы-экспедициялық агенттіктерге
  • Қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдарға;
  • Үкіметтік мекемелерге
  • Сауда агенттеріне
  • Корпорацияларға

Чартерлік рейстердің басымдығы:

  • Қолданыстағы авиажелілердің бағытымен шектелмейді;
  • Рейс кестесін күтіп отырмайсыз;
  • Жүк көлемі мен ұшу сапарының кестесін өзіңіз анықтаймыз; 
  • Бізге сеніңіздер және хабарласыңыздар!!!
  • Жүктің салмағын, габаритін және сипаттамасын хабарласаңыздар болды, біз қысқа мерзімнің ішінде тарифті есептеп береміз;
  • Чартерлік сапарды басынан-аяғына дейін өзіміз қадағалап отырамыз;
  • Сізге ыңғайлы және тиімді әуе кемесін тауып береміз;
  • Біз дүниежүзі бойынша жұмыс істейміз.

3. Жедел чартер

Сізге жедел жүк жөнелту немесе әкелу керек болса, 
 
«KTZ Express» компаниясына хабарласа аласыз!
 
Жүкті жедел жеткізу керек болса, біз Сізге көмектесеміз
Жүк тасымалдауда тәжірибеміз мол
Біздің тәжірибеміз – сіздің пайдаңыз! Біздің тәжірибемізді пайдаланыңыздар!!!
Сіздің сеніміңіз – біздің беделіміз! Біздің беделімізді пайдаланыңыздар!!!
Экономикалық тиімді шешім іздесеңіздер, бізге сенім артыңыздар!!!
Бізге сеніңіздер! Біз Сізге ең сенімді ұшақ тауып береміз!
Бізге жыл он екі ай және 24 сағат бойы хабарласуларыңызға болады.
 

4. Габариттік емес жүктер

Сіздің тапсырысыңыз бойынша біз барлық затты тасымалдап береміз:

  • Музыкалық аспаптар, сахна жабдықтары және декорациялар;
  • Электровоз, вагон және кемелер үшін қосалқы бөлшектер, жабдықтар;
  • Мұнай өнеркәсібіне арналған тораптар, жабдық бөлшектері; 
  • Құрылыс материалдары және конструкциялар; 
  • Ұшу аппараттарына арналған двигательдер және әуе кемелерінің бөлшектері; 
  • Ғарыш жабдықтары және спутниктер;
  • т.б. көптеген жабдықтар
Ауыр жүктерді басымалдау біз үшін түк емес!
 
Ұшақтарға жүк тиеудегі тәжірибемізге сеніңіздер!
Сіздің жүгіңізді барар жеріне дейін біздің өкіліміз жеткізіп салады;
Дербес менеджер барлық ұсақ-түйек мәселені шешіп береді.

5. Қауіпті жүктер

Біз Сіздерге:

  • Қауіпті жарылғыш заттарды
  • Химикаттарды
  • Радиоактивті материалдарды
  • Әуе кемесімен тасымалдауға рұқсат етілген кез-келген басқа жүктерді тасымалдауға көмектесеміз.

Біз 

  • Шектелген қозғалыс жағдайындағы жұмыс тәжірибемізді
  • Қауіпті заттармен жұмыс істеудегі тәжірибемізді
  • Ең соңғы нормалар мен ережелерді толық сақтау
  • Дәл жоспарлау, барынша қорғау және абсолюттік қауіпсіздік шарттарын пайдалана отырып, 

Сіздердің жүктеріңізді қорғаймыз.

6. Бизнес-чартер

Қалталы саяхатшыларға арналған ұсыныстар:

  «KTZ Express» АҚ: 
  • Авиа ұшу сапарының жоспарын Сізден келісіп жасайды; 
  • Сіздің ұшаққа деген талаптарыңызды, шарттарыңызды ескереді;
  • Әуежайларда қызмет көрсетілу және кідіріс жасау уақытын барынша азайтады;
  • Сапардың ең қысқа бағытын анықтап береді;
  • Әуежайларда кезектен тыс тіркеу және тексеруден өткізуге көмектеседі;
  • Ұшақта жұмыс жасауыңызға барлық жағдай жасайды; 
  • Талабыңыз бойынша Сізді әуежайдан кез-келген жақын әуежайға жеткізеді; 
  • ИКАО халықаралық талаптарына сай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
  • Ең сенімді және ең қауіпсіз ұшақтардың қызметтерін ҰСЫНАДЫ!!!

7. VIP ұшақ жалға беру

Жекеменшік ұшақты жалға беру - мәртебелі клиенттер үшін жайлы қызмет. Уақыт үнемділігі, жоғары деңгейдегі сервис, жайлы және қауіпсіз жағдай, оған қоса Сіздің жеке талаптарыңызды орындау - ұшақ жалдау қызметінің негізгі сипаттары. Хабарлассаңыздар болды, біз Сіздерге ұшақ жалдаудың барлық жолын ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, ұшақ қожайынымен тікелей байланыстыра аламыз.

Әрбір нақты жағдайда ұшу сапарын Сізбен келісе отырмыз жоспарлаймыз. Сапарыңызды және шығынды барынша оңтайландыруға көмектесеміз.

Ұшақ (тікұшақ) жалдау мәселелері бойынша кез-келген уақытта мына телефондар мен электрондық адрестерге хабарласа аласыздар: 

  VIP клиенттер неліктен «KTZ Express» қызметін пайдаланады?
  • Қауіпсіздік
  • Әуежайларда VIP қызмет көрсету
  • Борта жеке талаптар бойынша тамақ түрлерін ұсыну
  • Борт ішінде барынша жайлы жағдай жасау
  • Ұшу кестесінің икемділігі

8. «Тірі» жүк

Асыл тұқымды жылқыны немесе басқа да жанды жануарды тасымалдауды ұйымдастыру қызметін ұсынамыз. «Тірі» жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі тәжірибемізге сүйене отырып, Сіз үшін сәйкес ұшақ түрін таңдаймыз.

Тапсырыс беру үшін

Ұшаққа тапсырыс беру үшін сайттағы құжатты толтырыңыздар немесе төменде көрсетілген телефондарға хабарласыңыздар. Өтініштеріңізді барынша қысқа мерзімнің ішінде қарап, кез-келген бағытта ұшу сапарын ұйымдастырамыз.

  Байланыс телефондарымыз:
Жауапты тұлғаның аты-жөні:
Жұмыс телефоны: +7(7172
Ішкі байланыс телефоны:
Электрондық адрес:

Пайдалы сілтемелер