Логистика

«KTZ Express» АҚ – мультимодальдық көлік-логистикалық компания болып табылады, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - компанияның 100% акционері.

 «KTZ Express» АҚ қатынастың барлық түрі бойынша көлік-логистикалық қызметтің барлық спектрін ұсынады, айлақтар мен аэропорт инфрақұрылымдарын, қоймалар желісін және терминалдарды пайдалана отырып, теміржол, теңіз, авиа және автокөлік тасымалдарымен ықпалдасып жұмыс істейді.

«KTZ Express» АҚ ішкі және халықаралық нарықта келісімшарттық логистика қызметін ұсынатын, жүк жеткізуді және жүк жеткізудің «есіктен есікке дейін» логистикалық тізбегін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, оған қоса «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты барлық компаниялар тобының көлік-логистикалық қызметтерін «бір терезе» режимінде сататын орталық болып саналады. Және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мультимодальдық холдингінің вагон және контейнер паркін басқарумен айналысады.

«KTZ Express» АҚ Қытай мен Еуропадағы жүк ағымдары қордаланатын негізгі нүктелерден 12-15 күн мерзімде және 15 халықаралық бағытта жүк жеткізу үшін Қытай- Еуропа-Қытай бағыты бойынша тұрақты контейнерлік сервис ұсынады

«KTZ Express» АҚ 6-7 күн мерзімде теміржолмен және авиакөлікпен жүк жеткізудің Қытайдан Еуропаға бағытталған мультимодальдық логистика сервисін ұсынады.

«KTZ Express» АҚ климаттық режим сақтайтын арнайы контейнерлер паркіне ие және айрықша температура режимін талап ететін жүктерді әлемнің кез-келген жеріне төрт маусымда жеткізу қызметін ұсынады

«KTZ Express» АҚ - «KTZ Express Shipping» ЖШС ұлттық кеме қатынасы компаниясына 100% иелік етеді. Компанияның активінде Каспий және Қара теңіздерінде жүзіп жүрген дедвейті 5 мың тонналық «Бекет Ата» және «Түркістан» кемелері мен 7 мың тонналық «Жібек жолы» және «Атамекен» кемелері бар.
«KTZ Express» АҚ сондай-ақ, Қазақстанның әуежайларын да басқарады.

Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Павлодар құрылған. Компанияның алға қойған міндеті - қазақстандық әуежайлардың қазіргі жағдайын оңтайландыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.

«KTZ Express» АҚ ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту жөніндегі кең көлемді жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда Астана қаласында көлік-логистикалық орталықтың (КЛО) құрылысы аяқталып келеді, жылдың соңына дейін Шымкенттегі КЛО құрылысы аяқталмақ. Оған қоса Ақтөбе, Өскемен және Ақтау қалаларында да КЛО құрылысы жоспарланып отыр.

Терминалдық инфрақұрылыммен айналысатын халықаралық оператор- DP World компаниясымен бірлесіп «KTZ Express» АҚ «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын басқаруда. Қорғас-Шығыс қақпа арнайы экономикалық аумағындағы құрғақ порт терминал-қойма қызметтерін ұсынады.

«KTZ Express» АҚ Қытайдың Ляньюнган портындағы жалпы ауданы 22 га алып жатқан қазақстан-қытай терминалының жұмысын жүргізеді. Бұл терминал Қазақстаннан әкелінетін және елге тасымалданатын жүк ағымдары қордаланатын негізгі бекет, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Қытайдың ішкі порттарынан тасымалданатын және кері бағытта жеткізілетін жүктер қайта тиелетін негізгі транзиттік порт болып табылады.