ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
06-06-2026
ҚТЖ Тrip Optimizer пойызды басқарудың зияткерлік жүйесін енгізуді жалғастыруда.
Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша ҚТЖ желісінде көзделген 425-тен 393 Тrip Optimizer (ТО) пойызды автоматтандырылған басқарудың зияткерлік жүйесінің жиынтығы орнатылды. Қалған локомотивтерді жарақтандыруды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Ақтөбе, Мақат, Сексеуіл және Аягөз сервистік орталықтарында аяқтау жоспарлануда.
Trip Optimizer – круиздік бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін интеллектуалды автоматтандырылған пойызды басқару жүйесі.
Жүйе жолдың профилін, құрамның массасын, локомотивтің сипаттамаларын, қолданыстағы жылдамдық шектеулерін және басқа да пайдалану параметрлерін ескере отырып, пойызды жүргізудің оңтайлы режимін есептейді. Бұл отын тиімділігін арттыруға, белгіленген қозғалыс кестесін сақтауға және пойызды басқару процесінде локомотив бригадаларына қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Trip Optimizer жүйесін пайдалана отырып, жоспарланған 65 локомотив айналымының 48-і өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда.
Маршруттардың цифрлық картасын қалыптастыру шеңберінде жоспарланған 10 000 км-ден 9 675 км жол цифрландырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі