Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымға сұранысқа ие бағыттар бойынша төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады




03-06-2026

2026 жылғы 18 маусымнан бастап Ұлттық тасымалдаушы №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық», №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағдарлары бойынша қосымша Тальго пойыздарын тағайындайды. Бұл шара өңірлердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезеңінде жоғары сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.

1. №254/253 «Нұрлы Жол – Достық» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 22 маусымынан 31 тамызына дейін аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Құрамында 27 вагон қарастырылған. Пойыз 344 жолаушы орынға арналған, оның ішінде мобилділігі төмен жолаушыларға арналған арнайы купе бар.

Пойыз кестесі:

  • Нұрлы жол  станциясынан жөнелту – 17:32;
  • Достық станциясына келуі – 16:20;
  • Достық станциясынан жөнелту – 18:30;
  • Нұрлы жол станциясына келуі – 20:25.

 

2. №211/212 «Алматы – 2-Достық» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 20 маусымынан 30 тамызына дейін күн сайын - тақ күндері жүреді. Құрамында 23 вагон қарастырылған. Пойыз 326 жолаушы орнына арналған.

Пойыз кестесі:

  • Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14:30;
  • Достық станциясына келуі – 07:45;
  • Достық станциясынан жөнелту – 10:55;
  • Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.

 

3. №207/208 «Алматы-2 – Достық» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 19 маусымынан 29 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға  арналған.

Пойыз кестесі:

  • Алматы-2 станциясынан жөнелту – 14:30;
  • Достық станциясына келуі – 07:45;
  • Достық станциясынан жөнелту – 10:55;
  • Алматы-2 станциясына келуі – 04:40.

 

4. №231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызы

Пойыз 2026 жылдың 18 маусымынан 30 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.

Пойыз кестесі:

  • Алматы-2 станциясынан жөнелту – 21:03;
  • Семей станциясына келуі – 16:30;
  • Семей станциясынан жөнелту – 18:15;
  • Алматы-2 станциясына келуі – 14:05.

 

Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында,  «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қол жетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі