Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Темір жол билеттерін сату туралы ақпарат




22-01-2024

Қазіргі уақытта ағымдағы жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеудің ауқымын ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізілуде.

Наурыз айына теміржол билеттерін сату ағымдағы жылдың ақпан айының басында ашылады.

Қаңтар және ақпан айларына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

2024 жылы шамамен 1400 км жолды жөндеу жоспарлануда.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі