Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы ҚХР-ға экспортқа бір млн тонна жүк жөнелтілді




27-02-2024

Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі