Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Инвестициялық жұмыс

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметі теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тасымалдау қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс- шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған.

2018 жылдың қорытындылары бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың күрделі салымдары 224 911 млн. теңгені құрады. Есептік кезеңде: ·      

  • «Алматы-Шу учаскесінде екінші жолдар салу» жобасын іске асыру аяқталды;

  • 2018 жылы 11 тамызда Құрық паром кешенінің мультимодальдық көлік торабының тұсаукесеріы оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті;

  • «Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол желілерін салу» жобалары шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды салу жөніндегі жұмыстар аяқталды;

  • «Вокзал кешенін салуды қоса алғанда Астана станциясының теміржол торабын дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда;

  •   963 км көлемінде жолдың үстіңгі құрылыстарын күрделі жөндеу жүргізілді;

  • Локомотивтердің 29 бірлігі сатып алынды, 46 бірлігіне күрделі жөндеу жүргізілді;

  • Жүк вагондарының 753 бірлігі сатып алынды, 5 290 бірлігіне күрделі жөндеу жүргізілді;

  • Жолаушылар вагондарының 2 бірлігіне күрделі күрделі жөндеу жүргізілді;

  • Темір жол инфрақұрылымын жаңартуға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

2019 жылы Компанияның инвестициялық қызметі шеңберінде жоспарланған шаралар:

  1. «Құрық кентінде паромдық өткел салу» жобасын іске асыруды аяқтау;

  2.  «Вокзал кешенін салуды қоса алғанда Астана станциясының теміржол торабын дамыту» жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  3. Жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

  4. 402 км көлемінде жолдың үстіңгі құрылысына күрделі жөндеу жүргізу.

  5. Теміржол инфрақұрылымының негізгі қорларын жаңарту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.

Пайдалы сілтемелер