Subscribe to our Telegram Channel https://t.me/railways_kz

Physical education and sports

«ҚТЖ» ҰК» АҚ дене шынықтыруға және спортқа көп көңіл бөледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт жұмысы ең алдымен келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға және ауруды азайтуға;

  • әртүрлі сырқаттардың алдын алуға;

  • теміржолшылардың жұмысқа жоғары қабілеттілігіне қолдау көрсетуге;

  • еңбек ұжымдарының бірлігін және ішкі корпоративтік сайыскерлікті арттыруға;

  • теміржолшылар және олардың отбасы арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруды 14 жол бөлімшесінің және Достық стансасының спорт жөніндегі нұсқаушылары жүзеге асырады. Олардың қызмет көрсету саласына саланың 134 мыңнан аса қызметкерлері кіреді.

Дене шынықтыру қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруды және жалпы басшылық жасауды, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та және барлық өңірлердің теміржолшылары арасында жарыстарды, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды әрі өткізуді Адами ресурстарды басқару департаменті жүзеге асырады.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын өткізу үшін бір жылдық мерзімге жасалатын, Компанияның басшылығымен бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт іс-шараларының және жарыстардың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ жол бөлімшелерінің дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт іс-шараларының және жарыстардың күнтізбелік жоспары негізгі құжат болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен өткізілетін барлық финальдық жарыстардың алдында кәсіпорындардың, тораптардың, жол бөлімшелерінің ұжымдарында көпшілік дене шынықтыру-спорт іс-шаралары өткізіледі. Жыл сайын теміржол көлігі кәсіпорындарында 13000 теміржолшыны қамтитын 267 дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт іс-шаралары өткізіледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт іс-шараларының және жарыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес, балалар командалары арасында үстел үсті теннисі, мини-футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, жеңіл атлетика, шахмат, мини-футбол бойынша чемпионат, «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты, филиалдары мен ЕҰ қызметкерлері арасында жазғы және қысқы спартакида өткізіледі. 2010 жылдан бастап «Папа, мама, мен – спортшы семья» спорт мерекесін өткізу дәстүрге айналды.

Барлық жол бөлімшелерінде ірі теміржол тораптарында «Наурыз»  мерекесіне, Көлік және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорт іс-шаралары және жарыстар өткізіледі.

2010 жылғы мамырда Теміржолшы-спортшылардың халықаралық одағының (USIC) 49-шы конгресінде осы ұйымға Қазақстан Республикасы атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың кіруі туралы шешім қабылданды. Енді 2011 жылдан бастап, біздің Компания USIC шеңберінде өткізілетін жарыстарға қатысу құқығына ие болды. Ал 2014 жылдан бастап бізге жоспарланған іс-шаралардың біреуін ұйымдастыру әрі өткізу құқығы берілді

2011 жылы біз USIC өткізетін екі чемпионатқа қатыстық:

  • баскетбол бойынша (Варна қ., Болгария) -  2-орынға ие болдық;
  • волейбол бойынша (Екатеринбург қ., Россия) - 9-орынға ие болдық.
  • 2012 жылы USIC өткізген екі чемпионатқа қатыстық: шахмат бойынша (Албена қ., Болгария) – 4-орынға ие болдық; велоспорт бойынша (Усти-над-Лабем қ., Чехия) – 95 км-ге жеке жарыстар бойынша – 1 және 2 орындар; жалпы жеке есепте – 8 және 9 орын.
  • 2013 жылы Теміржолшы-спортшылардың халықаралық одағының Президиумының (Астана қ., Щучинск қ.)  отырысы өткізілді, оған 16 мемлекет қатысты.

  • 2014 жылы тау шаңғысы (Алматы қ., «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты) бойынша халықаралық жарыстар өткізілді, оларға 9 ер адамдар және 4 әйелдер командалары қатысты.
  • 2015 жылы волейбол бойынша USIC өткізген (Гомель қ., Беларусь) чемпионатқа қатысып, 4 -орынға ие болдық;
  • Және де, Теміржолшы-спортшылардың халықаралық одағының Техникалық комитетінің отырысын (Алматы қ.) өткіздік, оған 14 мемлекет қатысты.
  • 2016 жылы шахмат бойынша USIC өткізген (Петергоф қ., Россия) чемпионатқа қатысып, 7-орынға ие болдық;
  • 2017 жылы футзал бойынша USIC өткізген (Брно қ., Чехия) чемпионатқа қатысып, 2-орынға ие болдық.

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының, филиалдары мен ЕҰ қызметкерлерін сауықтыру мақсатында Компанияның әкімшілік ғимаратында спортзал (баскетбол, волейбол, мини-футбол бойынша секциялық жаттығуларға арналған) және жүзу бассейні қарастырылған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та өткізілген барлық спорттық іс-шаралар БАҚ-та жарияланады. Барлық материалдардың лейтмотиві болат жол еңбеккерлерінің салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады