Subscribe to our Telegram Channel https://t.me/railways_kz

ҚТЖ Инновациялы-технологиялық даму жол картасына қол қойылды

ҚТЖ Инновациялы-технологиялық даму  жол картасына қол қойылды

2019 жылдың 11 қарашасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Трансмашхолдинг» АҚ (РФ), «Локо Тех-Сигнал» ЖШҚ (РФ) Қозғалыс қауіпсіздігі мен инновациялы-технологиялық дамуға бағытталған, бірлескен жобалардың жол картасына қол қойды.

Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарушы директор – Бас инженер Батыр Котырев, «Трансмашхолдинг» АҚ техникалық директоры Михаил Рожков және «Локо Тех-Сигнал» ЖШҚ бас директоры Андрей Романчиков қол қойды.

Б.Котырев Компанияның әрқашанда уақыт талабымен қадам басып жүретінін және де тек озық технологиялары бар сенімді серіктестермен ынтымақтасатынын атап көрсетті.

Жол картасы тасымалдау процесі технологиясының тиімділігі мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, инновациялы-технологиялық дамытуға бағытталған, жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Сонымен қатар, құжат жылжымалы құрамда инновациялы-технологиялық жүйе енгізу мен сынамаларды өткізуге, әзірлеуге бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

 - Пойыздарды автожүргізу мен қауіпсіздік жүйесінің бірыңғай архитектурасын құруға мүмкіндік беретін, бірыңғай «электронды карта» енгізу жолымен, борттық локомотивтік жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда, - деді Батыр Котырев.

Бұдан басқа, Жол картасымен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өтпелік белгі беру автоматтандырылған жүйесі мен «МПО-С» микропроцессорлы орталықтандыруды енгізу қарастырылуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі