Subscribe to our Telegram Channel https://t.me/railways_kz

Арыс депосында өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде сағат 16.00 Арыс локомотивтерді пайдалану депосы ауласындағы ЛТТП (локомотивтерді тексеру техникалық пункті) ғимаратының шатырында өрт тұтанды.

Депо аумағына электр энергиясын беру тоқтатылды.

Депоға жедел өртсөндіру пойызы келіп жетті. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жапа шеккендер мен опат болғандар жоқ. Оқиға салдары тексерілуде.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі