Компанияның саясаты

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ

Жүйе құрушы инфрақұрылым бола тұрып, Компания тұрақты даму принциптерін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өсуінің сапалы  көліктік негізін қамтамасыз етеді, Жалғыз акционер үшін құнды құрады және сұранысы бар және бәсекеге қабілетті көліклогистикалық қызметтерді көрсету арқылы тұтынушылар мен
тұтастай қоғамға пайдасын келтіреді.

КОМПАНИЯНЫҢ ПАЙЫМДАУЫ

Компания өзін бизнес жүргізудің озық тәжірибесіне сәйкес әрекет ететін нәтижелі және инновациялық көліклогистикалық компания ретінде көреді.
Компания жұмыскерлерінің жоғары кәсбилігінің, жоғары техникалық стандарттардың, сондай-ақ озық басқару мен өндіріс процестерінің арқасында қызметтердің сапасы бойынша да, экономикалық тиімділігі бойынша да көшбасшылар қатарына шығуға ниетті.

КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Компанияның жұмыскерлері – басты құндылық пен негізгі ресурс, олардың кәсібилігі мен қауіпсіздігі деңгейіне қызмет нәтижелері мен инвесторлар үшін құрылатын Компания құны
тікелей тәуелді болады.
Компанияның барлық жұмыскерлері (қатардағы қызметкерлерден бастап басшылыққа дейін) адалдық, парасаттылық, адамдарды сыйлау, ұйымшылдық, сенім, командада жұмыс істей білу, дамуға ашық болу, кәсібилік және өз ісін мақтан тұту сияқты құндылықтарды ұстанады.
Тұрақты даму және екі жақтың да гүлденуі, сондай-ақ
өндірістік қауіпсіздікті (қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбекті қорғау, тасымалдау процесінің қауіпсіздігі) және ақпараттық қауіпсіздікті, энергия тиімділігін  қамтамасыз ету Компанияның корпоративтік мәдениетінің айқын құндылықтары болып табылады.

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Компания мүдделі тараптардың талаптарын сақтауға міндеттенеді. Компанияның жетістіктерге қол жеткізуі оның мүдделі тараптар үмітіне қаншалықты сәйкес келетіндігіне тәуелді.

Компания:
  • клиенттер алдында – қауіпсіз әрі сапалы қызметтер көрсету бойынша;
  • мемлекет алдында - мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді іске асыру бойынша;
  • Жалғыз акционер алдында - акционерлік капитал құнын ұлғайту бойынша;
  • жұмыскерлер алдында – бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша;
  • қоғам алдында - әлеуметтік жауапкершілік принциптерін сақтау бойынша;
  • іскер серіктестер алдында – өзара тиімді ынтымақтасу бойынша міндеттемелерді орындайды.

КОМПАНИЯНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

  • заңдылық, айқындылық, ашықтық және бизнесті адал жүргізу;
  • экономикалық тиімділік;
  • көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі;
  • клиентке бағдарлану;
  • жұмыскерлер құқықтарының кепілдіктері;
  • сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік;
  • көшбасшылық;
  • қатыстырылу;
  • менеджментке процестік көзқарас;
  • үздіксіз жақсару және инновациялар;
  • әлеуметтік жауапкершілік.
Скачать