Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Компания туралы

ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ШЫҰ)

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылу күні:

2001 жылғы 15 маусым

Штаб-пәтері:

Бейжің қ. (ҚХР)

Жұмыс тілдері:

қытай тілі, орыс тілі

Ресми веб-сайт:

http://sectsco.org

Қатысушылар саны (елдер):

18 елдер

Құрылымы және негізгі консультативтік органдар:

ШЫҰ хатшылығы, Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшылары, Көлік министрлері және т.б.

Негізгі құжат:

ШЫҰ Хартиясы (құжат 2003 жылғы 19 қыркүйекте күшіне енді)

Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме:

http://rus.sectsco.org/documents


Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (ҚХР) Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасымен жарияланған тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйым болып табылады. Оның алдында "Шанхай бестігі"механизмі болатын.

ШЫҰ-ның негізгі мақсаттарына: қатысушы елдер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайту; олардың саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау және басқалар саласындағы тиімді ынтымақтастығына жәрдемдесу; өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету және қолдау; демократиялық, әділ және ұтымды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіпті алға бастыру жатады.

Қатысушылар: мүше мемлекеттер (8 ел), бақылаушы мемлекеттер (4 ел) және диалог бойынша әріптестер (6 ел).

ШЫҰ жоғарғы органы - Мемлекет басшыларының кеңесі (МБК) - ұйымның барлық маңызды мәселелері бойынша шешімдер мен нұсқаулар қабылдайды, жылына бір рет жиналады.

Үкімет басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі (ҮБК) - ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастық стратегиясын және басым бағыттарды талқылау, экономикалық және өзге де ынтымақтастықтың түбегейлі және өзекті мәселелерін шешу үшін жылына бір рет жиналады, сондай-ақ ұйымның жыл сайынғы бюджетін бекітеді

МБК және ҮБК отырыстарынан басқа, сондай-ақ парламент басшылары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары, Сыртқы істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, экономика, көлік, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау министрлері, құқық қорғау ведомстволары, жоғарғы және төрелік соттар басшылары, бас прокурорлар деңгейінде кездесулер механизмі жұмыс істейді.

ШЫҰ аясында ШЫҰ (ТМД) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесі үйлестіру механизмі болып табылады.

Қазіргі/ жұмыс істейтін органдар:

- Пекин қаласындағы (ҚХР) ШЫҰ Хатшылығы - ұйымның қызметін үйлестіруді, ақпараттық-талдау, заңдық және ұйымдық - техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және оны бас хатшы - Әлімов Рашид Құтбиддинұлы басқарады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін),

- Ташкент қаласындағы (РУ) ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитеті (АТҚ).


«ҚТЖ» ҰК» АҚ ШЫҰ-да

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік қызмет көрсету нарықтарын кеңейту, темір жол саласы үшін әлеуетті мүмкіндіктер жасау және тиімділікті арттыру, темір жол көлігі саласындағы кедендік ресімдеу және тарифтік саясат мәселелері бойынша пікір алмасу, ШЫҰ кеңістігінде жаңа экономикалық тиімді халықаралық темір жол дәліздерін құру перспективаларын зерделеу мәселелері талқыланатын ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің темір жол әкімшіліктері басшыларының тұрақты кездесулеріне қатысуда,

Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ сауда және транзитті дамыту жөніндегі арнайы жұмыс топтарының жұмысына қатысады.


Пайдалы сілтемелер