Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Компания туралы

«ТРАНСКАСПИЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫ» ХА» ЗТБ (ТХКБ)

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылу күні:

2017 жылғы 11 қаңтар

Штаб-пәтері:

Астана қ. (ҚР)

Жұмыс тілдері:

орыс тілі, ағылшын тілі

Ресми веб-сайт:

http://titr.kz

Қатысушылар саны (елдер):

8 елдер

Құрылымы және негізгі консультативтік органдар:

Жұмыс тобы, Мүшелердің жалпы жиналысы

Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме:

http://titr.kz/ru/dokumenty/korporativnaya-dokumentatsiya

 

2017 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасында «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі тіркелді.

ТХКБ қауымдастығының құрылтайшылары Қазақстан тарапынан – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты, Әзірбайжан тарапынан – «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Әзірбайжан Каспий теңіз кеме қатынасы», Баку халықаралық теңіз порты, Грузия тарапынан – «Грузия темір жолы» АҚ, Батум теңіз порты болып табылады. Қауымдастықтың қызметі транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тартуға, ТХКБ бағыты бойынша интеграцияланған логистикалық өнімдерді дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ Қауымдастық мақсатында - тиімді тарифтік саясатты жүргізу, шығындарды және интеграцияланған қызметтің құнын оңтайландыру, тасымалдау процесінің бірыңғай технологиясын құру, шекаралық және кедендік рәсімдерге байланысты әкімшілік кедергілерді азайтуға және түйіскен станциялардағы порттардағы жүктер мен контейнерлерді қайта өңдеуге жәрдемдесу. Осы шаралардың барлығы ТХКБ баламалы бағыттармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2017 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты қауымдастығының офисін ұйымдастыру, брендбук әзірлеу және қауымдастықтың ресми сайты іске қосу жұмыстары жүргізілді. Тарифтер деңгейі төмендетілді және мөлшерлемелердің бәсекеге қабілетті деңгейін қолдау, тасымалдаудың технологиялық процесін оңтайландыру (туындайтын күрделі мәселелер бойынша жұмыс, пул құру және т.б.) бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді. Қазақстан экспорты мен импортын қоса алғанда, ТМТМ-ға жаңа жүктерді тарту бойынша үздіксіз маркетингтік жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, ТМТМ қатысушы елдер Баку-Тбилиси–Карс теміржол желісін қоса алғанда, Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік жүктерді өткізуді жүзеге асырудың барлық тарифтік мәселелері мен техникалық шарттарын пысықтап, бекітті.

ТХКБ бағыты бойынша тұрақты мультимодальды көліктік қызмет көрсету және ҚХР, ҚР және ОА-дан Батуми мен Поти порттарына, одан әрі Түркияға автокөлікпен немесе теңіз көлігімен жүктерді жеткізу жұмыстары реттелді.

Осы мультимодальдық сервис шеңберінде кешенді қызметтер көрсетуге сұраныстың едәуір өсуіне байланысты ТХКБ бағыттары бойынша Түркияға, одан әрі Таяу Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдеріне тасымалдардың айтарлықтай өсуі күтілуде.

Каспий және Қара теңіз порттарын қосатын көлік дәлізін одан әрі дамыту және ТМТМ бойынша қолданыстағы жүк ағындарын ұлғайту мақсатында, экспорт және инвестициялар жөніндегі Валлон агенттігімен (Бельгия), Шеньчжэнь логистика және жеткізу тізбектерін басқару қауымдастығымен (Қытай) бірлесіп, румын портының "ТМТМ" МА-ға кіруіне бастамашылық жасау үшін шақырылған Қытайдың Көлік және коммуникация қауымдастығымен, С. А. Констанца румын портымен бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Ассоциация құрамына тұрақты мүше ретінде «Укрзализныця» ПАО, «ПКП Широколейная Металлургическая дорога» ЖШҚ, Замосць қ. (Польша), «Құрық порты» ЖШС (Қазақстан), Lianyungang Port Holdings Group (ҚХР), «Түрік Мемлекеттік темір жолдары-тасымалдау»АҚ ассоциацияланған мүшелері қабылданды. Атап айтқанда, ТХКБ қатысушы елдер Баку-Тбилиси–Карс теміржол желісін қоса алғанда, Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік жүктерді өткізуді жүзеге асырудың барлық тарифтік мәселелері мен техникалық шарттарын пысықтап, бекітті.


Пайдалы сілтемелер