Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Компания туралы

БҰҰ-НЫҢ АЗИЯ ЖӘНЕ ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КОМИССИЯ (БҰҰ АТМЭӘК)

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылу күні:

1947 жылы

Штаб-пәтері:

Бангкок қ. (Таиланд)

Жұмыс тілдері:

ағылшын тілі

Ресми веб-сайт:

https://www.unescap.org

Қатысушылар саны (елдер):

53 елдер

Құрылымы және негізгі консультативтік органдар:

ЭСКАТО Хатшылығы және оның Комитеттері, оның ішінде Көлік комитеті және оның 9 жұмыс топтары

Негізгі құжаттар (темір жол көлігіне қатысты):

Құрғақ порттар туралы үкіметаралық келісім, Трансазиялық теміржол желісі бойынша үкіметаралық келісім

Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме:

https://www.unescap.org/research

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) 1947 жылы құрылған және штаб-пәтері Бангкокта, Таиландта орналасқан.

АТМЭӘК аймақтағы ең қиын мәселелерді шешуге тырысып, нәтижеге бағдарланған жобаларды, техникалық көмек пен мүше-мемлекеттерді әлеуетті нығайтуды келесі бағыттар бойынша қамтамасыз етеді:

·      Макроэкономикалық саясат, кедейшілікті қысқарту және даму үшін қаржыландыру

·      Сауда, инвестиция және инновация

·      Көлік

·      Қоршаған орта және даму

·      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және апаттар қаупін азайту

·      Әлеуметтік даму

·      Статистика

·   Энергетиканы субөңірлік дамыту

АТМЭӘК өз жұмысының негізгі бағыттарында мұқият қарастыруды және оқытуды ынталандырады; осы нәтижелерді саяси диалогтар мен ұсыныстарға аударады; сондай-ақ жақсы даму тәжірибесін, білім алмасуды қамтамасыз етеді және осы ұсыныстарды орындауда мүше мемлекеттерге техникалық көмек көрсету.

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ БҰҰ АТМЭӘК-та

«ҚТЖ» ҰК »АҚ халықаралық теміржол көлігін жеңілдету бойынша ережелер мен нормаларды үйлестіру жөніндегі өңірлік кеңестің жұмысына қатысады.

Бұдан басқа ҚР МИИД-мен бірлесіп, ҚР-дағы Көлік логистикалық орталығы желісін кеңейтуге байланысты Құрғақ порттар туралы үкіметаралық келісімге, сондай-ақ Трансазиялық теміржол желісі бойынша үкіметаралық келісімді қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.


Пайдалы сілтемелер