Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Даму стратегиясы

МІНДЕТТЕР

«Қазақстанның жүйе құраушы көлік компаниясы бола отырып, біз клиенттер бизнесінің тұрақты өсуінің сапалық негізін қамтамасыз етеміз, Акционер үшін құн жасаймыз және қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті тасымалдау қызметтерін көрсету арқылы тұтынушыларға және қоғамға пайда әкелеміз».

ШОЛУ

«Біз бизнес жүргізудің озық тәжірибесіне сәйкес әрекет ететін тиімділігі жоғары көлік компаниясымыз.

Біз жүк және жолаушылар тасымалын қоса алғанда, көлік инфрақұрылымының қызметтерін көрсететін сенімді провайдер болып табыламыз.

Біз бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті цифрландыру және қызметкерлердің кәсібилігін арттыру есебінен сапалы әрі экономикалық тиімді қызмет көрсету, тұрақты даму бойынша ұқсас компаниялар арасында көшбасшы болып табыламыз».

Компанияның миссиясына қол жеткізу келесі бес стратегиялық мақсатты іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады:

1. Компанияны қаржылық тәуекелдік зонасынан шығару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Компания тарифтік реттеуді жетілдіру бойынша Үкіметпен жұмыс жүргізеді, сондай-ақ қызметтің тиімділігін арттыру бойынша бастамаларды жүзеге асырады.

2. Компания тиімділігін арттыру

Операциялық тиімділікті, өндірістік активтерді пайдалану сапасын арттыру, цифрлық трансформация және цифрландыру бағдарламасын іске асыру, осы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін транзитті және ішкі тасымалдарды дамыту Компанияның бірінші кезектегі міндеттері болып табылады.

3. Клиенттердің қанағаттануын арттыру

Осы стратегиялық мақсат шеңберінде Компания жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша сапалы, қауіпсіз әрі қол жетімді қызметтер көрсету есебінен клиенттердің қанағаттануын арттыру бойынша іс-шараларды іске асыратын болады.

4. Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету Компанияның ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оны іске асыру Даму стратегиясында сөзсіз басымдылық ретінде анықталған. Компания басқарудың және құралдардың қазіргі заманғы әдістерін қолдану есебінен қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

5. Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Осы стратегиялық мақсат шеңберінде Компания корпоративтік басқару, кадрлық әлеуетті дамыту, меритократияның негіз қалаушы қағидаттарын енгізу, әлеуметтік тұрақтылықты жақсарту және персоналды тарту саласындағы жоғары деңгейге қол жеткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр. 


Пайдалы сілтемелер