Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ дәйекті орындайды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, отын-энергетикалық ресурстардың шығыстары жөніндегі процестерді автоматтандыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде іске асырылуда.

2017 жылы «Шарттық коммерциялық жұмыс» автоматтандырлыған басқару жүйесі (ШКЖ АБЖ) жетілдірілді.

Жүйе өтінімдерді қалыптастыру, тасымалдау құжаттарын ресімдеу, жүк тасымалдары үшін төлем процестерін автоматтандыруға, электрондық алдын ала хабарлауға, ақпараттық жүйелердің трансшекаралық өзара әрекеттесуіне бағытталған.

Қазіргі уақытта ШКЖ АБЖ-ға барлық темір жол станциялары қосылған, тасымалдау құжаттарының 98% осы жүйеде ресімделеді. ШКЖ АБЖ мүмкіндіктерін Ресейдің, Қырғызстанның және Өзбекстанның аумағында орналасқан қазақстан станцияларынан жүктерін жөнелтетін ҚР бейрезиденттері де пайдаланады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та ШКЖ АБЖ енгізілуге байланысты жүктерді жөнелтуге арналған өтінімдерді ресімдеу процесі жүк жөнелтушілер үшін толық ашық болды, жүктерді тасымалдауға арналған өтінімдерді беру және келісу кезінде «адами фактор» жойылды.

Теміржол көлігінің мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзекті сипат беруге ерекше көңіл бөлінуде. 2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қағаз құжатпен қатар тасымалдау құжаты ретінде электрондық нысандағы бірыңғай үлгідегі жүкқұжатты тану бөлігінде ШКЖ АБЖ-да теміржол көлігімен жүк тасымалдауды ресімдеу кезінде электрондық жүкқұжатты пайдалану бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашы болды.

ҚР Парламентімен 2017 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған жаңа Салық кодексінің 287-бабына халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттардың қағаз тасығышта және/немесе электрондық нысанда жасалу мүмкіндігін қарастыратын норма енгізілді.

Поездар тартымына жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстардың шығыстарын бақылау әрі есепке алу мақсатында, сондай-ақ «Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру туралы» заңға сәйкес 2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі (ЭДТ АБЖ) енгізілді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-пен мақұлданды және теміржол көлігі саласында стратегиялық деп танылды.

ЭДТ АБЖ электр энергиясын және дизель отынын тұтынуды есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін және процесін автоматтандыруға арналған және «нақты уақыт» режимінде электр энергиясын және дизель отынын есепке алу жүйелерімен жабдықталған, локомотивтерден келіп түсетін деректерді өңдеу жүйесі болып табылады. Енгізілген автоматтандырылған басқару жүйесі отын ресурстарының талан-таражға түсуінің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Жүйені енгізу нәтижесінде ЭДТ АБЖ-мен жарақтандырылған тепловоздардың дизель отынының меншікті шығыны кеміген, жарақтандырылмаған тепловоздардың базалық 2012 жылғы меншікті шығыс деңгейімен салыстырғанда 2013 жылы 5,04% кеміген, 2014 жылы – 6,92%, 2015 жылы – 7,35%, 2016 жылы – 10,8%, 2017 жылы – 13,6%.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету, билеттердің қайта сатылуын болдырмау және сату каналдарын кеңейту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-та 2014 жылдан бастап электрондық билетті ресімдеу технологиясын енгізу бойынша жоба іске асырылуда. Жолаушыларға билет кассаларына жүгіну және билетті қатаң есептегі бланкке басып шығару қажеттілігінсіз электрондық жол жүру құжаттарын ресімдеу мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі таңда халық үшін келесі сату каналдары іске асырылған:

  • 10 аса интернет-сайттар (epay.railways.kz, rail-travel.kz, railways.silktour.kz, ibel.kz, aviata.kz, railway.blizzard.kz, avia-online.kz, flight.kz, tickets.kz и другие);
  • 17 мыңнан аса өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша төлем терминалдары («Касса 24», «Киви» және басқалар);
  • «Қазпочта» АҚ-тың бүкіл ел бойынша почталық бөлімшелері;
  • Амадеус халықаралық жүйесі;
  • билет кассалары.

Қазіргі уақытта rail–travel.kz сайтында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен «Электрондық күту парағы» функционалы іске асырылған, ол өз кезегінде жол жүру құжаттары еркін сатылымда болмаған жағдайда жолаушыларды тіркеуге мүмкіндік береді: броньдалған орындар қайтарылған және босатылған жағдайда, жүйе автоматты режимде кезектілік тәртібімен билеттерді сатып алуды ұсынады.

2017 жыл үшін электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша транзакциялар саны 13,5 млн. құрады, ол 2016 жылғы көрсеткішке ұқсас және 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 есе үлкен.

Сыбайлас жемқорлық қылмысының және олардың салдарларының белгілері бар әрекеттер/әрекетсіздік туралы құқықтық ақпараттылық мақсатында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша персоналда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім қалыптастыру мақсатында 2017 жылы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудағы мемлекет пен қоғамның ролін арттыру: ағарту, стандарттар, ашықтық», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Профилактика мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» және басқалар тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер, лекциялар, семинарлар, тренингтер өткізілді.

Бұл іс-шаралар Сыбайлас жемқорлықпен күрес ведомстволарының, «Нұр Отан» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің және т.б. қатысуымен өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Компаниямен қабылданып жатқан шаралар туралы салалық бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы материалдардың жариялануы ұйымдастырылды.