Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық - бұл Компанияның тұрақты дамуына кедергі жасайтын, экономикалық өсуді төмендетін, бәсекелестікті қиындатың және заңды және беделді тәуекелдерге байланысты инвестордың сеніміне нұқсан келтіретін елеулі тосқауыл.

Сыбайлас жемқорлық - араласуды және жоюды талап ететін әлеуметтік зұлымдық. Бірақ оның мәні, нақты жағдайлары мен зардаптары туралы толық және нақты білмей ,бұл теріс құбылысқа қарсы тиімді күресу мүмкін емес.

«ҚТЖ» ҰК»АҚ Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты- Компанияда кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік жағдайын жасау, қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар тарапынан мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтау болып табылады.

Осы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және оны жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ Компаниядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шаралар кешенін белгілейді.

Егер Компанияның қызметкерлері немесе Компанияның лауазымды тұлғалары жасаған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар туралы фактілер белгілі болса, Компанияның «корпоративтік веб-сайтында» ақпарат берілгендей, «жедел желі» арқылы, немесе жоғары деңгейдгі тікелей басшысына,немесе «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Комплаенс қызметінің басшысына дереу хабарлау керек.

Құпия ақпарат механизміне қатысты хабарламаларды ұсыну және қарау тәртібі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі мақұлдаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құпия ақпараттар саясатында баяндалған.


«ҚТЖ» ҰК »АҚ мен оның еншілес ұйымдарының сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы

Пайдалы сілтемелер