Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Теміржол көлігі Одағының өкілетті өкілдері 2017-2018 халықаралық теміржол бағдары жолаушылар пойыздарының кестелерін келісті

Мәскеуде Достастыққа  қатысушы елдер арасындағы Теміржол көлігі Одағының (ТЖКО) өкілетті өкілдері 2017-2018 халықаралық теміржол бағдары жолаушылар пойызының мәліметтерін анықтап, кестелерін  келісті.






Татарстан президенті «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХШЫО болды

25 тамызда Татарстан президенті Рустам Минниханов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов жұмыс сапарымен Алматы облысындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында  (ХШЫО) болды. 






Теміржолды сандық жүйеге көшіру бәсекелестікке бейімділігін көтереді

Астанадағы «Еуразия апталығы» халықаралық форумы аясында «Көлікті дамыту тегершігі: сандық транформация және ЕЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуінің тоғысуы» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияның «Көліктегі инновациялық технологияны өндіріске енгізу. Сандық күн тәртібі» сессиясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев сөз сөйледі.






ҚазККА президент-ректордың студенттер мен магистранттарға гранты бөлінді

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ректоры-президентінің 12 гранты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттер мен магистранттарға бөлінеді.

Ректор-президенттің гранты түрлі қаржылық қиыншылықтарға тап келгендерге ( жетімдер, мүгедектер, көп балалы отбасылары, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мүшелеріне) әлеууметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Грант бір жылға және арнайы байқау нәтижесінде белгіленеді.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жылу беру маусымы қарсаңында көмір тасымалдау жайы талқыланды

24 тамызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Компания басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен алдағы жылу беру маусымы қарсаңында көмір тасымалдау мәселесіне арналған кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңеске жүк жөнелтушілер, экспедиторлар, қуат өндіруші сектор өкілдері, облыс әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылу отындарын тасымалдау бойынша тапсырмаларды толығымен орындап келеді. Көмір тасымалдау мен экспортқа шығару көлемі артып келеді.






Алматы-1-Шу теліміндегі екінші жол құрылысы аяқталуға жақын

23 тамызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев  Алматы-1-Шу теміржол теліміндегі екінші өткізу кешенінің құрылысы барысымен танысты. Отар станциясында Алматы, Жамбыл жол бөлімшелерінің құрылымдық басшыларымен кеңес өткізді.

Екінші жол құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл телім Қазақстандағы ең қозғалысы көп магистральдің бірінен саналады.






Словакияның темір жол делегациясы Астанаға келді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Словакия Республикасының теміржолшылар  делегациясы  болды.

Компанияның бас инженері Батыр Қотырев кездесуде делегация мүшелерін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының мультимодальдық көлік логистикалық қызметімен таныстырды.






АО «НК «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өрттен интеллектуальдық қорғау жүйесі іске қосылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да теміржол көлігіндегі нысандарды Wagner және  Кonsel компанияларының өрттен қорғау жүйелерінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Аспирациялық түтінді сезгіш жүйесі өрттің ерте алдын алуға қызмет етеді. Ол өз кезегінде өрт жағдайын ерте анықтап, жедел сөндіруге мүмкіндік әпереді. Кәсіпорындардағы электр құралдарын, тарату қондырғыларын, локомотивтердегі дизельдік электрлік тартым сонымен қатар жылжымалы құрам соңғы үлгідегі өрттен қорғау құралдарымен қамтылған.






Қазақстанда «3-2» тәртібімен жасақталған жылжымалы құрам Қытайдан Еуропаға жол тартады

Достық станциясына Чендудан келіп тоқтаған 123 контейнері бар үш жылжымалы құрамнан екеуі жасақталды. Бұл контейнерлік пойыздар Достық (Қазақстан) –Елек (Ресей) – Красное (Белорусь) – Брест (Польша)  бағдарына жөнелтіледі. Ол Польшадан әрі қарай 1435 жол табанына лайықталып, қайтадан үш жылжымалы құрамға  бөлінеді.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарының Бурабай мен Алматыға сапарларын ұйымдастырды

21 тамызда ҚР сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» төртінші халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты – халықаралық БАҚ арқылы әлем жұртшылығын қазіргі Қазақстанның экономикасы, тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, өнері, тарихы туралы обьективті материалдармен  таныстыру болатын.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка