Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Теміржолшылардың екі мыңнан астам балалары жазғы сауықтыру лагерлерінде тынығады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі теміржолшылардың екі мыңнан астам балалары Қазақстанның сауықтыру лагерлерінде тынығады. Балалар еліміздегі ең үздік сауықтыру кешенін таңдады. Олардың ішінде:  «Discovery-Borovoe» (Бурабай шипажайы), «Сұңқар» (Зеренді), «Балақай» (ШҚО), «Мерей» (Қостанай), «Мадагаскар» (Алматы), «Болашақ» (Жамбыл), «Энергетик» (Ақтөбе), «Атамекен» (БҚО) бар.






Транзиттік –көлік саласындағы серіктестікті дамыту – Қазақстан мен Латвия ұлттық экономикасын өсіру тегершігі

 






Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан теміржол басшылары көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты

Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ӨР Премьер-министрінің орынбасары - «Узбекистон темир йуллари» АҚ басқарма төрағасы Ачилбек Раматовпен кездесіп,  теміржол саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға уағдаласты.

Тараптар жеңілдікті тариф саясаты, Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалдау көлемін арттыру, контейнерлік пойыздарды жасақтауды ұйымдастыру,  қазақстандық теміржол көлігі машинасы өнімдерін Өзбекстанға жеткізу жайын талқылады.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ мүмкіндігі шектеулі балалардың ипподромға баруын ұйымдастырды

  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалары қоры» корпоративтік қоры мен Индустрия, туризм және спортты дамыту қоры,  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп мүгедек балалардың ипподромға баруын ұйымдастырды.

«Иппотерапия әдісі арқылы атқа отырып, балалардың барлық дене мүшелері қозғалысқа еніп, жануардың арқасында емдік сеанстар алады»,-дейді Ұлттық ат спорты құрамасының балаларға арналған байқауының бас бапкері Ирина Прилепская.






«Туған елге саяхат» пойызы өңірлерге жүріп кетті

 






Теміржолшылардың 500-ге жуық балалары ЭКСПО-2017- ге келеді

Теміржолшылардың  500-ге жуық балалары жазғы каникул кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалайтын болады. Алғашқы балалар тобы Семей жол бөлімшесінен келді. Оқушылардың құрамында оқу озаттары мен қалалық, облыстық олимпиадалық байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарамағындағы 14 теміржол бөлімшелерінің балалары екі күнде Тұңғыш Президент мұражайы, Ұлттық мұражай, «Думан» ойын-сауық орталығын көріп, танысады.






Екі жүзге жуық жас теміржолшылар ҚТЖ-ның корпоративтік жастар лагерінде болды

 

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның «Сен болмасаң кім?» корпоративтік жастар лагері Бурабай шипажайында өткізілді. Жылма жылғы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 35 жасқа дейінгі басқарушылар қатысты. Олар апта бойы басқару саласынан тренингтерге қатысып, білімдерін жетілдірді.






«KTZ Express» «Sinotrans Limited» және «Lanzhou Pacific Logistics Co., Ltd» компанияларымен тұрақты контейнерлік пойыздар жасақтауға келісті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KTZ Express»  (ҚХР) Ланьчжоу қаласында «Sinotrans Limited» және «Lanzhou Pacific Logistics Co., Ltd»  компаниялармен шектеулі келісім шарттарға қол қойды.  Осы келісім негізінде Қытайдан шыққан халықаралық контейнерлік пойыздар Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа елдері, Вьетнамға жол тартады. Контейнерлік пойыздар Қазақстан аумағындағы Алтынкөл станциясы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының логистикалық инфрақұрылымдық нысандарының қызметін пайдаланады.






ЭКСПО-2017 көрмесіне «Қорғас» ХШЫО өнеркәсіп және көлік әлеуеті ұсынылды

ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында «Қорғас» ХШЫО-ның бірлескен қазақстан-қытай жобасының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Перуашевтің айтуынша, «Қорғас Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері болып табылады».

Мәжіліс депутаты «Қорғас ХШЫО болашағының шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінетіндігін атап өтті».






Вашингтондағы Транскаспий транзиттік –көліктік форумында Қазақстанның көлік әлеуеті талқыланды

Вашингтонда Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Түрікменстан, Ауғанстан елшіліктерінің  Орталық Азия мен Кавказ институты қолдауымен Транскаспий Транзиттік- көлік форумы өткізілді.

Форум жұмысына АҚШ Президенті жанындағы Ұлттық экономикалық кеңесі, АҚШ сауда министрлігі, Әлемдік банк, ЕҚДБ, сондай-ақ АҚШ көлік және логистикалық компанияларының өкілдері, Транскаспий халықаралық көлік бағдары Үйлестіру кеңесінің, теміржол және теңіз әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта