Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Көлік қызметкерлері күнімен құттықтау






Шымкент жол бөлімшесінен жарты жылда 4 миллион тоннадан астам транзиттік жүк өткізілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Шымкент жол бөлімшесінде теміржол бөлімшелерінің басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында өңірдегі транзиттік тасымалды дамыту үшін көліктік-логистикалық ахуалды жақсарту,тасымалдау қауіпсіздігі мен тиімділігін көтеру жайлары талқыланды.  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ топ-менеджерлері қауіпсіздікті басқару курсынан өтті

Компания мен еншілес компаниялардың топ менеджерлері қауіпсіздікті басқару тренингіне қатысты. Басшыларды оқыту жайы «ҚТЖ- өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару жаңа моделін өндіріске енгізу» бизнесті трансформациялау бағдарламасы басымдықты жобасы аясында өткізілді.






Қазақстандық теміржол кәсіпорындары өнімдерін КО ТР бірыңғай сертификаттық талаптарына сәйкестендірді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық теміржол өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға тиісті сертификаттар тапсырды.

Олардың қатарында ірі локомотив, жүк вагондары, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығаратын «Электровоз кұрастыру зауыты» ЖШС, «Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ, «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС, «R.W.S. Concrete» ЖШС бар.






Вагон қараушылар пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Қарағанды вагон пайдалану депосы  Ақтасты станциясының вагон қараушысы Юрий Морозов вагонның ақауын тапқан қырағылығы үшін марапатқа ұсынылды.

Шілденің 17-сінде үшінші жолдан жүк пойызын жөнелтіп тұрған Ю. Морозов жүк пойызының бас жағынан рельстің ұшқындап бара жатқанын байқап қалады. Белгіленген тәртіп бойынша жедел түрде станция кезекшісіне хабарлайды. Пойыз тоқтатылды.






Қазкөліккәсіп пен Роспрофжел тәжірибе алмасты

Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі салалық кәсіподағы (Қазкөліккәсіп) мен Ресей теміржол және көлік құрылысшылары кәсіподағы (Роспрофжел) Бурабай шипажайы станциясында кәсіподақ белсенділерінің пікірсайыс клубының отырысын өткізді.

Клубтағы пікірсайысқа қатысушылар еңбек және әлеуметтік жағынан еңбеккерлерді қорғау, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, гендерлік, жастар, ақпараттық және халықаралық саясат мәселесіндегі кәсіподақ саласындағы өзекті жайларды ортаға салды.






Қарағанды жол бөлімшесінде жүк тасымалы 16 пайызға артты

 

28 шілдеде «Қазақстан темір жолы» президенті Қанат Алпысбаев Қарағанды өңірінің теміржол құрылымдарының басшыларымен кеңес өткізді. Қарағанды жол бөлімшесі арқылы Республиканың теміржол саласындағы жүк тасымалының төрттен бірі атқарылады. 






Теміржол көлігімен жүк тасымалы алты айда 13 пайызға өсті

27 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте бірінші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші жарты жылдықтың басымдықтары белгіленді.






«Темiржолсу» АҚ «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жалғастыруда

 

 Саз және Жайлау шағын станцияларында сумен қамту жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. Атқарылған жөндеу жұмыстары шағын станция тұрғындарын таза ауыз сумен  қамтудің өзекті мәселесін шешеді.






Баспасөз ақпараты

Кей әлеуметтік желілерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ туралы жасырын көздерге сілтеме жасап, жаңсақ мәліметтер  орналастырылған.

Әлеуметтік желідегі аталмыш мәліметтер мен жаңсақ пікірлердің мемлекеттік аудиторлық тексеруге еш қатысы жоқ.

Тек  «Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» МБ құжаттары ғана сенімді, ресми ақпарат көзі болып табылады.

Жасырын көздерге сүйеніп таратылған ақпарат қасақана  жасалған жалған ақпаратқа саналады.

 






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта