Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Екі жүзге жуық жас теміржолшылар ҚТЖ-ның корпоративтік жастар лагерінде болды

 

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның «Сен болмасаң кім?» корпоративтік жастар лагері Бурабай шипажайында өткізілді. Жылма жылғы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 35 жасқа дейінгі басқарушылар қатысты. Олар апта бойы басқару саласынан тренингтерге қатысып, білімдерін жетілдірді.






«KTZ Express» «Sinotrans Limited» және «Lanzhou Pacific Logistics Co., Ltd» компанияларымен тұрақты контейнерлік пойыздар жасақтауға келісті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KTZ Express»  (ҚХР) Ланьчжоу қаласында «Sinotrans Limited» және «Lanzhou Pacific Logistics Co., Ltd»  компаниялармен шектеулі келісім шарттарға қол қойды.  Осы келісім негізінде Қытайдан шыққан халықаралық контейнерлік пойыздар Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа елдері, Вьетнамға жол тартады. Контейнерлік пойыздар Қазақстан аумағындағы Алтынкөл станциясы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының логистикалық инфрақұрылымдық нысандарының қызметін пайдаланады.






ЭКСПО-2017 көрмесіне «Қорғас» ХШЫО өнеркәсіп және көлік әлеуеті ұсынылды

ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында «Қорғас» ХШЫО-ның бірлескен қазақстан-қытай жобасының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Перуашевтің айтуынша, «Қорғас Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың және тату көршіліктің тарихи куәгері болып табылады».

Мәжіліс депутаты «Қорғас ХШЫО болашағының шекаралық серіктестік аясын кеңейте түсуінен, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуынан көрінетіндігін атап өтті».






Вашингтондағы Транскаспий транзиттік –көліктік форумында Қазақстанның көлік әлеуеті талқыланды

Вашингтонда Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Түрікменстан, Ауғанстан елшіліктерінің  Орталық Азия мен Кавказ институты қолдауымен Транскаспий Транзиттік- көлік форумы өткізілді.

Форум жұмысына АҚШ Президенті жанындағы Ұлттық экономикалық кеңесі, АҚШ сауда министрлігі, Әлемдік банк, ЕҚДБ, сондай-ақ АҚШ көлік және логистикалық компанияларының өкілдері, Транскаспий халықаралық көлік бағдары Үйлестіру кеңесінің, теміржол және теңіз әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен қытайдың «Sinotrans&CSC Holdings» компаниясы Қазақстан аумағы арқылы халықаралық контейнерлік пойыз жіберу жөнінде уағдаласты



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев 14-ші Қытай халықаралық логистика апталығында бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп онда, «Нұрлы» жол бағдарламасы мен «Бір белдеу-Бір жол» бастамашылығын қосатын стратегиялық Азия мен Еуропаны жалғайтын теміржол көлігімен жүк тасымалдауды дамыту жайын ақылдасты.

Чэнду қаласы мэрінің орынбасары Се Жуй У-мен кездесуінде Қазақстан аумағымен Қытай-Еуропа контейнерлік тасымалдау бағдарын ұйымдастырудағы серіктестіктің табысты болғандығы аталып өтілді.






Құрық порты паромы – Транскаспий дәлізінің маңызды бөлігі

28 маусымда ҚР Премьер-Министірінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, облыс әкімі Е. Тоғжановпен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін нысандарға инспекторлық тексеру жасады. А. Мамин Құрық айлағының паром кешені екінші кезеңінің құрылыс нысандарын қарады.






ЭКСПО-2017 аясында «Қорғас» ХШЫО тұсаукесері өткізіледі

Астанадағы  ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қытай павильонында қазақстан-қытай «Қорғас ХШЫО құру» жобасының  тұсаукесері болады.

Бұл тұсаукесер рәсімі «Қорғас ХШЫО» АҚ мен Қытайдың Хоргос қаласы Халық үкіметі арасындағы келісімі  аясында өткізіледі.






Астанадағы электровоз құрастыру зауыты халықаралық IRIS сертификатына ие болды

Қазақстандағы  «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС еліміздегі тұңғыш Халықаралық теміржол өнеркәсібі стандартына сәйкес IRIS сертификатына ие болды. IRIS сертификаты теміржол саласындағы әлемдік ауқымдағы танымал басқару саласына стандарттық баға бере алатын моносаладағы  бір ғана мекеме. Аталмыш сертификаттау жүйесі теміржол саласына ISO 9001 стандарты негізінде жоғары сапалық көрсеткішін қамтамасыз ететін жүйе. 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Алматы-1- Шу теміржол телімінде құрылысшылармен кеңес өткізді

Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші телімінің  өткізу кешені құрылысы мен нысанды пайдалануға беру 2017 жыл аяғына дейін аяқталады.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық бағдарларды ғаламдық логистикалық тізбекке бағыттаудың кешенді шараларын жүзеге асыруда

27 маусымда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Үкіметінің транзит, логистика және жол бойы қызметі жөніндегі кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырыста «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Компанияның негізгі қызмет барысы мен ірі инфрақұрылымдық жобаларының жүзеге асырылуы,  қазақстандық бағдарларды ғаламдық логистикалық тізбекке бағыттаудың кешенді  шараларын жүзеге асырутуралы баяндады.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта