Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Қазақстан темір жолындағы жаңа тағайындаулар

Бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының орталық аппараты мен филиалдарында, еншілес компанияларында кадрлық өзгерістер болғандығы туралы компания вице-президенті Ермек Қизатов хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №635-ші бұйрығымен Қадыл Секенұлы Таласпеков Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №636-шы бұйрығымен Марат Жолдыұлы Медеубаев «Локомотив» АҚ президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті А. Маминнің 21.12.2010 №639-шы бұйрығымен Рамазан Елубайұлы Сүндетбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Павлодар жол бөлімшесінің директоры болып тағайындалды.






«Алтын сапа» біздің сапа белгіміз!

Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық шарада ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов  темір жол саласындағы индустриялық –инновациялық жоба – магистральдық локомотив шығаратын  Астанадағы «Локомотив құрастыру зауытына»  «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша   Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыс етті.

Аталмыш сыйлық Қазақстан Президентінің бастамашылығымен шығаратын өнімі халықаралық талаптарға сай келетін, бәсекелестікке бейімді, тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыратын сападағы кәсіпорындардың арасындағы ең таңдаулысын анықтау мақсатында құрылған болатын.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш локомотив құрастыру зауытын салу туралы ҚР Президенті 2006 жылы қыркүйекте АҚШ-қа сапарында шешім қабылдағанды. Сол жолы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Дженерал Электрик» компаниясы арасында Қазақстанға «Еvolution» сериясының технологиясы бойынша тепловоздарды құрастыру құрал жабдықтарын жеткізу туралы келісімге қол қойылған болатын.  

2009 жылғы шілденің 3-інде Президенттің қатысуымен Астанада зауыт жұмысын бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 7-сінде «Қазақстанда жасалған» маркасымен алғашқы локомотив конвейерден шығарылды.  2010 жылдың аяғында кәсіпорын 30 жаңа машинаны пайдалануға берді. Оның барлығы алдын ала сынақтан өткізілді. Қазіргі уақытта республика аумағында пойыз тартымында қолданыста жүр.






Республикалық конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Республикалық өнертапқыштардың конкурсында Астана жол дистанциясының «Автомотрис АСЭ-1 базасында ЛДМ -1 жедел ақаутапқыштық зертханасы» тақырыбындағы өнертапқыштық ұсыныстары үздік деп танылды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ұлттық инновациялық қоры ұйымдастырған өнертапқыштық идеялардың конкурсы мәреге жетті. «Хабар» агенттігі арқылы жүргізілген «Perpetuum mobile» бағдарламасы жеңімпаздарды анықтады.

Ондыққа кірген жобалардың ішінен ең үздік үшеуі іріктелді. Байқау комиссиясы құрамына ірі өндірістік кәсіпорындардың, конструкторлық бюролардың, Ғылыми зерттеу орталықтарының, технопарктердің  басшылары кірген болатын. Байқау қорытындысы бойынша Астана жол дистанциясының директоры Ж. Әлжанов пен ақаутапқыш цехының шебері О. Поспеловтың  жаңашылдық идеясы үздік деп танылды. 

Астанадағы Рахат палас отелінде жеңімпазға диплом мен арнайы ақшалай сыйлық тапсырылды.

Әріптестерімізді  жеңісімен құттықтаймыз!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 15-і 2010 жыл






«Жәрдем» жолға шығар күн жақын

«Денсаулық» медициналық поезы еліміздің шығыс және орталық өңірін аралап қайтқан болса, «Жәрдем» емдеу-сауықтыру поезы құрамы бүгін Астанада тұсаукесер рәсімін өткізді. Поез Алматы вагон жөндеу зауыты Ресей темір жолының тәжірибесі негізінде «доңғалақты емхана» жобасы секілді қызметті атқаратын етіп жасалды.  

Астана вокзалындағы поездың тұсаукесер рәсіміне ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты.

Поезды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жасақтады.

«Жәрдем» медициналық поезының дәрігерлері шалғай станциядағы теміржолшылар ғана емес жергілікті тұрғындарды да қолжетімді  медициналық қызметпен қамтиды. Жылжымалы құрамда төрт вагонның екеуі медициналық, бірі дизел-генератор, бірі купе вагоны. Жергілікті тұрғындар терапевт, кардиолог, хирург, лор, гинеколог, окулист дәрігерлерлерге қаралып, зертхана мамандарынан кеңес алады. 

Поездың штаттық құрамын ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі «Медициналық апат жағдайындағы темір жол емханасы» акционерлік қоғамы мамандары жасақтады.






Тәуелсіздік нәтижесінде теміржолдың тұрақты дамуы жүзеге асырылды

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. ТМД елдері бойынша ұзындығы және жүк, жолаушылар айналымы жөнінен үшінші орын алатын Қазақстанның теміржол саласы 19 жыл ішінде ел экономикасының қалыптасуына мол үлес қосты. 

Салтанатты жиналыста сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жиырма жылға жақын уақытта Тәуелсіз Қазақстанның барлық салада әлемге танымал болғандығын атап өтті. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ына төрағалық етіп қана қоймай, желтоқсанның 1-2 күндері Астанада САММИТ өткізді.  

Компания басшысы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына теміржолшылардың да мол үлес қосқандығын атап өтті.

Қазіргі таңда компанияда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған индустриялық –инновациялық даму жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруда темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту белсенді жүргізілуде.

Елімізді индустрияландыру мақсатында серпінді жобаларды жүзеге асыруда өндіріске озық технологияларды тарту жүзеге асырылуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қатысуымен елімізде магистральдық локомотивтерді және жүк вагондарын, вагондардың құйма бөлшектерін шығаруға кірісті. Отандық жолаушылар вагондарын, цистерна, электровоз шығару жобалары қарастырылуда.

Қазіргі таңда Елбасы Жолдауында атап өткен екі темір жол құрылыс жобалары Өзен –Түркменстанмен мемлекеттік шекара, Қорғас-Жетіген құрылыстары қарқынды жүргізілуде.

ҚТЖ басшысы ұжым еңбеккерлерін Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, саланың 36 қызметкеріне мемлекеттік және салалық наградаларды табыс етті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 15-і 2010 жыл






Темір жолдың сұлтаны мен әсем қызы анықталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- ында «Темір жол аруы» мен «Жігіт сұлтаны»  байқаулары өткізілді. Байқау барысында республиканың темір жолындағы қызметкерлердің ішіндегі ең сүйкімді де сұлу қыз бен сымбатты жігіт сұлтаны таңдалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған байқау осымен қатар өткізіліп жатқан ҚТЖ Республикалық жастар форумымен тұспа тұс келіп отыр.

Әрбір байқауға өңірлердегі жарыстардан оза шапқан жиырмадан астам ұлдар мен қыздар қатысты.  Олардың біразы алыс аймақтардан болса, бірқатары орталық аппарат, ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындарынан болып табылады.

Байқауға қатысушылардың  барлығы алдын қатал іріктеуден өткізілген болатын. Көрермендердің алдына ең таңдаулылар ғана жіберілді.






«Денсаулық» поезы жылдың әлеуметтік жауапкершілігі үздік жобасы атанды

«Денсаулық» медициналық поезы Қазақстан Республикасы « Қазақстанның жыл таңдауы - №1» Ұлттық сыйлығы аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жасақтаған «Денсаулық» емдеу-сауықтыруға арналған медициналық поезы Қазақстан республикасы жұртшылығы арасында жүргізілген әлеуметтік сұрау салу нәтижесінде өз аталымы бойынша үздік деп танылды. Жергілікті тұрғындардың пікірімен санаса келіп және өздерінің де сараптау қорытындысын жариялаған әділқазылар мүшелері бір тоқтамға келді.

«Қазақстанның жыл таңдауы - №1» Ұлттық сыйлығымен марапаттау дәстүрлі шарасы Алматыда өткізілді. Жеңімпазға құрметті медалімен статуэтка «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице президенті Асхат Акчуринге табыс етілді.

Биылғы жылдың жазы мен күзінде «Денсаулық» поезы екі мәрте республиканың шалғай станциялары мен жол айырығында тұратын, емдеу сауықтыру шараларынан тыс қалған теміржолшыларға медициналық көмек көрсету мақсатында ұзақ мерзімді сапарда болып қайтты.






ҚТЖ Директорлар Кеңесі даму Бағдарламасын бекітті

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ында желтоқсанның 7-сінде Директорлар Кеңесінің отырысы өткізіліп, онда компанияны дамытудың 2011-2015 жылдарға дейінгі Жоспары бекітілді.

Даму жоспары бойынша ҚТЖ-ның өндірістік қаржылық көрсеткіштері жылма жыл өсіп келе жатқандығы байқалады.

2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 11,1 пайызға, жолаушы айналымы 26 пайызға өсірілмек.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасы республиканың дамуға қатысты мемлекеттік құжаттары негізінде жасалды.

2011-2015 жылдар аралығында салаға инвестиция ретінде -1362 млрд. теңге тарту көзделіп отыр. Ол қаржы «Қорғас-Жетіген», «Өзен - Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілерінің құрылысы, «Тальго» жолаушылар вагонын құрастыру зауыты, «Эволюшн» сериясындағы магистралдық 245 тепловоз, 234 локомотивті жаңғырту, 24242 жүк вагонын сатып алу, 768 жолаушылар вагоны мен электрпойыздарын сатып алу, 4179 шақырымдық жолды күрделі жөндеуден өткізу шараларына жұмсалады.






Өрттің алдын алу шаралары

Желтоқсанның 9-ында Атыраудың өртке қарсы қызмет отрядында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өртке қарсы қызмет мекемелері басшыларының қатысуымен «Темір жол көлігі нысандарында өрт оқиғаларының алдын алу және өрт тактикалық дайындығын жетілдіру әдістері» тақырыбында семинар -кеңес басталды.

Семинарды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы «Магистралдық желі дирекциясының» Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі департамент директоры Нұржан Маханов ашты.

Семинар кеңесте шекаралық аймақ Атырау жол бөлімшесіндегі қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде өрт оқиғаларын болдырмаудың, оның алдын алу шараларын жетілдіру жайы қаралады.

Кеңеске қатысушылар желтоқсанның 10-ында «Шикі мұнай» өрт тактикалық оқу жаттығуы кезінде мұнай тиелген жылжымалы құрамды өрттен арашалаудың жаттығуына қатысады. Жаттығу кезінде оған сол өңірдегі барлық тиісті мекемелермен бірге жергілікті құзырлы органдардың мамандары да қатысады.

Семинар қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелеріне өртке қарсы қызметті жетілдірудің тәжірибеден өткен үлгілері ұсынылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ өнертапқыштары - пайдалы ұсыныстар

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің байқауында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы еңбеккерлерінің үш өнертапқыштық жобасы үздік деп танылды.

Өкілетті мемлекеттік орган мен «Хабар» телеарнасы бірлесіп өткізген өнертапқыштардың республикалық байқауына 79 тапсырыс түскен болатын. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері, басқа да ұлттық компаниялардың, ірі кәсіпорындардың және өнеркәсіп бірлестіктерінің өнертапқыштары бағын сынады.

Байқаудың соңғы турына 10 тапсырыс іріктелді. ҚТЖ тарапынан түскен тоғыз жобаның ішінде соңғы турға үш жоба жіберілді.

Бірінші жобаның авторлары - Көкшетау электрмен қамту дистанциясындағы бөлім бастығы Р. Ахметжанов пен электромонтер П. Виноградов. Бұлар токты қосу кезінде қосу -ажырату құрылғысының істен шыққан кезінде оны барынша кедергісіз және қауіпсіз түрде автоматты және қолмен қосудың қорғау сұлбасын жасап шығарған.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта