Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

ҚТЖ – Қазақстанның ең үздік жұмыс беруші компаниясы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  «Сенім 2011» Республикалық байқауында Қазақстанның «Жұмыс беруші ең үздік ұлттық компаниясы» номинациясында І дәрежелі жеңімпаз атанды.

Жүлдені «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің қолынан «ҚТЖ» ҰК АҚ вице-президенті Ерхат Есқалиев алды.

2011 жылдың қараша айында бастау алған байқау нәтижесі Қазақстанның HR-менеджерлері ассоциациясы мен «Самұрық-Қазына» Корпоративті университетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Адами қорларды басқару: ықпалдасқан HR» Халықаралық VII конференциясы шеңберінде жарияланды.

Жыл сайын өткізілетін бұл байқаудың мақсаты – өз жұмысшыларына ең ыңғайлы жағдай тудырып отырған жұмыс берушілерді анықтап, марапаттау.

Биылғы жылы қатысуға 64 компания өтініш білдірген.

Конкурс 3 негізге сүйенген 5 кезеңнен тұрады: Қазақстан халқы арасында компанияны тану мен онда жұмыс істеуге қызығушылығы туралы сұрау жүргізу, конкурсқа қатысушы компания қызметкерлерінің арасында сауалнама жүргізу, компанияның өз қызметкерлеріне жасап отырған еңбек жағдайын сараптау. Сауалнамаға 3 000-нан астам қазақстандық, ал компания қызметкерлерінің арасындағы сауалнамаға 9 474 адам қатысқан.

Конференцияда «HR-менеджерлерінің Ассоциациясы» ҚҚ Үйлестіру Кеңесінің президенті Гүлмира Раисованың атап өткеніндей, сауалнамаға сәйкес, ҚТЖ Қазақстанда танымалдылық жағынан екінші орында. Одан басқа темір жол компаниясында қызмет ету еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие жұмыс деген қорытындыға келді.

«ҚТЖ» ҰК» персоналды басқару департаменті директоры Сәния Исмаилованың пікірінше, компания персоналды басқаруда ең үздік әлемдік тәжірибеге сүйеніп, кадр әлеуетінің сапасы мен персоналды ынталандыру жүйесін жетілдіріп жатыр.  ҚТЖ өз қызметкерлерінің жоғары жеңгейде әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді: медициналық сақтандыру, кіші станса мен разъездер тұрғындарын үймен қамту, жәрдемақы мен материалдық көмек төлемдері және т.б. Осының арқасында компаниялар тобында кадрлардың тұрақтамауы 9,9% -дан  8,2%-ға төмендеді. Ал қызметкерлердің еңбек жағдайымен қанағаттануы 66%-ға дейін өскен. Сонымен қатар компанияның жастар саясаты да жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Былтыр ҚТЖ жастар саясаты  «Сенім 2010» байқауында «Ең үздік HR -жоба» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталған.

«Сенім» мүсіншесі – компания қоржынындағы екінші жүлде. 2010 жылғы байқауда ҚТЖ «Жұмыс беруші ең үздік ұлттық компания» номинациясында екінші орынды иеленген еді.

Анықтама: «KPMG» компаниясы жүргізген диагностикасы бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративті басқару рейтингісі 4,3%-ға өсіп, 2011 жылы 63,3 %-ды құраған. Осылайша, компания ҚР ұлттық компаниялары арасында корпоративтік басқару деңгейі жөнінен екінші жыл қатарынан көшбасшы атанып келеді.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Қазақстанның логистикалық жүйесін жетілдіру – «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Қытайда Қазақстан темір жолдарын жаңарту жөнінде әлемдік ірі операторлармен келіссөз жүргізіп жатыр.

Былтырғы жылдың қараша айында І Халықаралық көліктік-логистикалық «Жібек жолы - 2011» форумында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы» ҚХР мультимодальды логистикалық қызметі көшбасшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. ҚТЖ дамуының жаңа тұжырымдамасын ойлап табу мен отандық темір жолды дамыту мақсатында қазақ делегациясы Қытай серіктестерімен келіссөздерді жандандыра түсті.

Компания өкілдері Sinotrans&CSCholdingCo.Ltd, COSCO Logistics int’l multimodal transportationCo., Ltd мен China Shipping (Group) Company, сондай-ақ  «CRСT» (ChinaRailwayCorporationTransportCo.,Ltd) мен «CRIMT»  (ChinaRailwayInternationalMultimodalTransportCo., Ltd.) сияқты Қытайдың ең ірі контейнерлік операторларымен кездесті.

Қазақстан темір жолының «Электронды пойыз» жобасына қатысқысы келетіні кездесудің басты мәселесі болды. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін арттырып, электронды құжат алмасудан алдын ала ақпараттандыру арқылы шекарадағы кеден рәсімін жылдамдатады.

Сапар барысында қазақ делегациясы Темір жол Ынтымақтастығы Ұйымының ЦИМ/СМГС біркелкіленген жүк құжат жөніндегі семинарына қатысты.

Анықтама: ЦИМ/СМГС біркелкіленген жүк құжаты халықаралық жүк тасымалдаудағы барлық құқық жүйелерін біріктіреді. ЦИМ Еуропа елдерінде, ал СМГС ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде әрекет етеді. Құжат жүкті бағыт бойынша тасымалдау құжаттарын қайта рәсімдемей тасымалдауға мүмкіндік береді.

«Электронды пойыз» Еуропа, ТМД мен Қытай елдері арасындағы алдын ала ақпараттандырумен электронды құжат алмасу технологиясын пайдалана отырып  контейнерлік маршруттық байланыс.

«КЛДҰО» бұқарамен байланыс бөлімі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«Тиімді сапар шегіңіз!» акциясының бірінші жеңімпаздары

«Тиімді сапар шегіңіз» акциясының бірінші жеңімпаздары анықталды. Темір жол билетін www.pcentre.kz Интернет-сайт арқылы сатып алған Visa төлем карточкасын иеленушілердің барлығы құнды сыйлықтар ұтыс ойынына қатысты. Арнайы бағдарлама 5 клиентті таңдап алған: Есімжанова Б.Р (Астана), Нұршанов Б.Г. (Астана), Смағұлов А.Е. (Алматы), Рахыбеков А.А. (Алматы), Жақсыбекова Д.М. (Алматы).

Әр жеңімпазға 65 000 теңге тұратын сыйлық сертификаттар табысталды олар тұрмыстық техника және электроника бұйымдарына арналған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Халық Банкі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен бірлесіп 2012 жылдың 20 қаңтарынан 20 сәуір аралығында «Тиімді сапар шегіңіз» атты республикалық акциясын өткізуде. Акция барсыныда темір жол билетін www.pcentre.kz Интернет-сайт арқылы сатып алған Visa төлем карточкасын иеленушілер арасында жүлделер ұтысы өткізіледі.

Акция аясында 30 жүлде ұтысқа түседі, оның ішінде «NEO Азия» компаниясы» («Технодом» дукендер желісі) ЖШС–нің тұрмыстық техникасы мен 65 000 теңге тұратын электроника бұйымдарына сыйлық сертификаттар бар, сыйлықтың жалпы құны 1 950 000 теңгені құрайды.

Осы акция туралы толығырақ мәліметті Қазақстан Халық Банкінің www.halykbank.kz, «Жолаушылар тасымалы» АҚ www.temirzholy.kz және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Процессинг орталығының www.pcentre.kz сайттарынан алуға болады.

Қазақстан Халық Банкі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК», «Жолаушылар тасымалы» АҚ және Visa акция жеңімпаздарын құттықтайды. Акцияға қатысып тиімді сапар шегіңіз!

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз хабарламасы






Еуропа-Кавказ-Азия бағыты бойынша транзиттік тасымалдауды насихаттау

«Көлік логистикасын дамытудың ұлттық орталығы» АҚ делегациясы Брюссель қаласында үш күндік сапары барысында «ТРАСЕКА 2012» Инвестициялық Форумына қатысуда.  

Сапар барысында «КЛДҰО» АҚ Еуропа-Кавказ-Азия (ТРАСЕКА) халықаралық көлік дәлізінің Үкіметаралық Комиссияның Тұрақты Секретариаты (ҮКТС) отырысында, сонымен қатар Еуропалық Комиссияның «ТРАСЕКА: логистикалық үдерістер мен теңіз магистральдары» (ЛОГМОС) жобасы бойынша аймақтық техникалық семинарына қатысады.  






ҚТЖ еншілес компаниясы отандық тауар өндірушілермен 25 млрд. теңгеге ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасады

2012 жылдың 24 ақпанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100 %-дық еншілес «Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшек шығаратын отандық өндірушілермен және вагон жөндеуші кәсіпорындармен Ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес,  «Қазтеміртранс» АҚ мен жүк вагондарын жөндеу саласында жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілердің арасында 2012 жылдан 2015 жылға дейін ұзақ мерзімді сатып алу жөнінде келісім-шарттар жасалады. Тауарла бағасы 2012 жылғы деңгеймен сақталады. Ал ұзақ мерзімді контракт сомасы 25 млрд. теңгені құрайды.

Меморандумға қол қою кезінде «Қазтеміртранс» АҚ өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі директоры Ерлан Өмірзақов  атап өткеніндей, «қазақстандық компанияларымен келісім-шарт жасаса отырып, Қазтеміртранс импортқа тәуелділіктен арылып, вагон жөндеуші өз кәсіпорындарын қажетті тұрақты, жоспарлы жабдық пен қосалқы бөлшектермен, ал отандық тауар өндірушілерді нақты тапсырыспен қамтамасыз етпек».

«Қазтеміртранс» АҚ-ның вагон жөндеудегі жыл сайынғы қажеттілігі 18-22 мың дана болса, толығымен тегістелген дөңгелектер сияқты қосалқы бөлшектерге деген қажеттілік жылына 20-22 мың дананы құрайды.

2011 жылы ішінде компания 20 847 вагонды жөндеуден өткізді. Олардың 1507 вагоны, депоның жылжымалы құрамының  18 067 вагоны кешенді жөнделген. 1273 вагон қызмет мерзімін ұзарта отырып жөндеуден өткен.

Жылжымалы құрамның жетіспеушілігін шешу мақсатында «Қазтеміртранс» АҚ 2012 жылы 16 000 вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 3000 вагоны отандық кәсіпорындарда жасалады.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі

«ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі


 






Жастарға ҚТЖ-ға жол ашық

Компанияға жас қызметкерлерді тартып, орналастыруға «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еншілес компанияларының 2012-2015 жж. арналған Жастар саясаты бағдарламасы көмектесіп отыр. Жас кадрлардың әлеуетін ашу және пайдалану – Қазақстан темір жолы қызметінің басым бағыттарының бірі.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» Заңы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясаты қағидаларына сай жасалған.

Салалық құжат теміржолшы мамандығын насихаттауға, жас қызметкерлерді кәсіби дамытуға, олардың жұмыс үдерісіне бейімделуге қол ұшын созуға бағытталған.

Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық профильді ЖОО-мен қарым-қатынасты жалғастырып жатыр. Жыл сайын көлік жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің 800-ге жуық түлегі еңбек жолын ҚТЖ-ның салалық бөлімшелерінде бастайды. Одан бөлек, компанияда студенттік тәжірибе жүйесі дамып келеді.

Жас мамандарды ынталандырудың тағы бір тәсілі – тұрғын үймен қамту. Жастар саясатын жүзеге асыру кезінде Компания мен оның еншілес ұйымдрының жас қызметкерлеріне төлемдерді бөліп төлеу қағидасымен тұрғын үймен қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

Компанияда жас мамандардың шығармашылық әлеуеті мен инновациялық қызметін дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Теміржолшының кез келген онертапқыш ұсынысы қарастырылып, ойлап тапқан идеясы материалдық жағынан ынталандырылады.

Осы және өзге де шаралар компанияның және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосары хақ.

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобында 33 872 немесе жалпы персоналдың 23,4 %-ы жас маман болып табылады. Оның 21,3 % (7 230 адам) басшылық пен мамандар қызметінде. Ал өндірістегі жұмысшылардың арасындағы жастардың үлесі 81,5 %-ды (27 609 адам) құрайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Қазақстандық үлесті дамыта отырып

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Өскемен қаласындағы «Востокмашзавод» АҚ-ның өндірістік цехтарын аралады.

Зауыттың бас директоры Александр Деревянко кәсіпорынның өндірісті жаңарту мен теміржол саласында болат құю жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқанын хабарлады.

А. Деревянконың айтуынша, зауыттағы орташа жалақы 1,5 есеге өсті, ал құю-қалыптау өндірісінде жалақы өсімі 1,8 есені құраған. Қазіргі кезде №5-айқыштау цехында «Қамқор» компаниялары тобына арналған теміржол өнімдерін жасау тапсырысының артуымен жаңа өндірістік қуат еселенді.

№10 -шойын құю цехын болатты вагон құюға вакуумдық-қабықшалық қалып әдісімен қайта құру бекітілген жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Жобалық қуаты жылына 14 000 тонна құйманы құрайды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айының аяғына дейін әр түрлі жабдықты жеткізу жоспарланып отыр. Ал қазан айында бүйір жақтайшасы мен иінді білігін сынақ үшін құю, желтоқсан айында жобаны іске қосу көзделуде.

«Қамқор менеджмент» ЖШС баспасөз қызметі






ҚТЖ қызметкерлеріне арналған әлеуметтік желі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ www.zhastemir.kz атты өз әлеуметтік желісі пайда болды.

Компанияның кез келген қызметкері сайтқа тіркеліп, қызығушылығы бойынша топ құрып, соңғы жаңалықтарымен танысып, фото, видео мен әндерді жүктей алады. Бұл әлеуметтік желіге жастар ерекше қызығушылық танытып отыр.

Осылайша, компанияның ұжыммен кері байланыс пен қарым-қатынас, дистанциялық жүйені дамытуға арналған 2012-2015 жж. бағдарламасы жөніннен жастар саясатының бір бағыты орындалып жатыр.

Zhastemir.kz сайты - Қазақстанның барлық теміржолшыларын біріктіретін әрі әр түрлі бөлімшелерде, аймақтық филиалдарда, еншілес компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлердің араласатын интерактивті алаңы. Жаңа интернет желісі жастардың Қазақстан темір жолының экономикалық және қоғамдық өміріне белсенді араласуына жол ашады.

Сайт қазіргі кезде ашық сынақ режимінде жұмыс істейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Медициналық пойыздарға жол ашық

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Төтенше жағдайлар мен Денсаулық сақтау министрліктерінің үш медициналық пойызы жаңа бағыт бойынша өз маршруттарын қайта жаңғыртты.

Медициналық пойыздар 2012 жылдың басынан бастап 8 000-нан астам қазақстандыққа қызмет көрсеткен. Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы 2012 жылдың 19 ақпанында Қарағанды стансасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:15-те қатынай бастады. Пойыз бригадасы 10 наурызға дейін Көкшетау маңындағы Смирново, Қиялы, Тайынша, Макинка, Елтай стансаларын аралап, барлығы 1 376 шақырым жолды қамтиды.

Қалған екі медициналық «Денсаулық» пен «Жәрдем» пойыздары Алматы-2 мен Ақтөбе стансаларынан бүгін жолға аттанбақ.

Алдында 2 599 адамға қызмет көрсеткен «Денсаулық» пойызы үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан 6 наурызына дейін Алматы облысының 548 шақырымға созылатын 11 стансасын, оның ішінде Жетіген, Отар, Шилібастау, Шамалған және тағы басқа стансаларды басып өтеді.

Арнайы емдік-диагностикалық медициналық «Жәрдем» пойызы 2000 шақырымдық жол жүріп, Ақтөбе облысының 30 стансасын аралайды. Әйтеке би, Никельтау, Ізімбет, Біршоғыр, Көпмола, Шұбарқұдық сынды стансалардың тұрғындары жоғары білікті мамандардың назарынан тыс қалмайды. Бірінші маршруты кезінде «Жәрдем» пойызы Батыс-Қазақстан облысының 8 станса мен разъездеріне ат басын тіреген. Медициналық көмекке 1 854 адам жүгінген болатын.

Барлық үш медициналық пойыз алдында барған стансаларға тоқтамай, жаңа елді мекен тұрғындарына көмек беретінін атап өткен жөн.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






ТЭЗ33А локомотивтерін «Рохи Охани Точикистон» МУК-ке жеткізу

Қазақстаннан «Evolution» сериясының ТЭЗЗА екі локомотиві экспортталды. Бірінші экспорттық партияның тізімге алынатын жері – Тәжік темір жолдары.

0113 пен 0114 жол нөмірлері бар локомотивтер қабылдау актісіне алдын ала қол қоюдан кейін 17 ақпанда Локомотив құрастыру зауытынан жөнелтілді. Осы орайда Қазақстанға ат басын тіреген тәжік машинистерінен басқа тепловоздарды тасымалдауға Алматы депосының локомотив бригадасы да қатысады.

«ЛҚЗ» АҚ бірінші экспорттық мәмле 2011 жылдың 21 қарашасында Тәжікстан астанасы Душанбеде жасалған. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «Рохи Охани Точикистон» Мемлекеттік унитарлы кәсіпорын арасында Астана қаласында «General Electric» американдық концерні лицензиясы бойынша жасалған қазақстандық 6 локомотивті жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойылған.

Келісім-шарт шеңберінде жеткізілім екі локомотивтен 3 кезеңде жүзеге асады. Қазақстандық локомотивтер Тәжікстанның ең ірі Душанбе-1, Курган-Төбе, Ходжант деполарында тіркеледі.

«ЛКЗ» АҚ экспорттық партияның 4-уін толық жасап шықты. Ішкі нарық үшін жасалған ТЭЗЗ А-дан бұлар тек түсімен ғана ерекшеленеді. Экспортқа арналған тепловоздар Тәжікстанның мемлекеттік туы іспеттес үш түсті. Тапсырыс берушінің тарапынан техникалық жағын өзгерту туралы өтініш түспеген.

Тепловоздарды түпкілікті қабылдау актісіне Тәжікстан Республикасында тізімге алынатын жеріне жеткізілген соң қол қойылады. Сол уақытта олар Тәжік темір жолдарының құзырына толығымен беріледі. Барлық алты локомотивті үстіміздегі жылдың наурыз айында жөнелту жоспарланып отыр.

«ЛҚЗ» АҚ баспасөз қызметі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта