Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пресс-релизы

Теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен халықаралық көлік-логистикалық компанияларының жетекшілері «Нұрлы жол» жаңа вокзалымен танысты

Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Молдова, БАӘ, Украина, Иран, Польша, Ресей теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен халықаралық көлік-логистикалық компанияларының жетекшілері Астанадағы «Нұрлы жол» жаңа вокзалын аралады. Оныншы Астана экономикалық форумы мен төртінші «New Silk Way» Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына қатысушылар вокзалдың холы, билет кассалары, анықтама бюроларының, сауда нүктелерінің  қызметімен танысты.






«KTZ Express» АҚ мен Chengdu International Railway service Co., Ltd. трансқазақстандық бағдары бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы уағдаласты

Астана экономикалық форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KTZ Express» АҚ менChengdu International Railway service Co., Ltd.арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропаға, Вьетнамға шығатын тұрақты халықаралық контейнерлік пойыздарды  ұйымдастыру болып табылады. Ол бағдарларға Алтынкөл станциясы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының инфрақұрылымдық нысандары қызмет көрсетеді.






Теміржол әкімшіліктері мен халықаралық көлік-логистикалық компанияларының басшылары ЭКСПО -2017 көрмесімен танысты

 

Азербайжан, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Қытай, Польша теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен шетелдік көлік-логистикалық компанияларының өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесімен танысты.






Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DP World» АЭА Қазақстан порттары үшін бірыңғай «PCS» жүйесін құруға уағдаласты

15 маусымда төртінші Халықаралық көлік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «DP World» АЭА сауда және логистика («PCS»)  бірыңғай электронды терезесін өндіріске енгізіп, басқару туралы Келісімге қол қойды.

Маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем қол қойды.






Астанадағы «New Silk Way» бизнес форумында еуразиялық трансқұрлықтық бағдарды дамыту жайы талқыланды

Қазақстан БЭФ (Бүкіл әлемдік экономикалық форум) мәліметінше, теміржол сапасы жөнінен 136 елдің ішінде 26 орында тұр

15 маусымда оныншы Астана экономикалық форумында төртінші Халықаралық көліктік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумы «Еуразиялық трансқұрлықтық бағдардағы көлік-логистикалық жүйесі дамуының жаңа кезеңі. Жаңа экономикалық кезеңдегі ғаламдық бәсекелестік» тақырыбымен өткізілуде.






Халықаралық көлік дәлізіне қатысушылар Астанада ТХКБ болашағы мен мүмкіндіктерімен танысты

14 маусымда Астанада «Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тасымалдаудағы бәсекелестігі мен тиімділігін көтеру, көлік инфрақұрылымын дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.






«Нұрлы жол» ЭКСПО-2017 қонақтары мен оқушыларды қарсы алады

 

Атырау облысының 100-ден астам оқушысы ЭКСПО-2017 көрмесімен Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалына тоқтап, тамашалады.

Атыраудың  оқу озаттары, олимпиада және түрлі байқауларының жеңімпаздары, белсенділер мен спортшылары   Астананы аралап, саяхаттауды елорданың жаңа теміржол вокзалынан бастады.






Астана әуежайындағы жаңа терминалда баж салығынсыз сауда алаңы ашылды

Астана әуежайының жаңа терминалынының  халықаралық ұшу бөлігінде баж салығынсыз Duty Free сауда алаңы ашылды. Халықаралық бағдардағы жолаушылар онда мыңнан астам әлемдік және қазақстандық бренд өнімдерді алады.

«Әуежайды дамытуда баж салығынсыз сауда алаңын ашудың маңызы зор. Астана халықаралық әуежай болғандықтан баз салығынсыз алаңы болуы тиіс. Біз осы жобаны жүзеге асырдық»,-дейді Астана Халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.






Медициналық пойыз өңірлердің 17 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» кеңес беру және диагностикалық пойыздарының дәрігерлері Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының 17 мыңнан астам тұрғындарына  қызмет көрсетті. Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды.






Қазақстанның теміржол вокзалдары ЭКСПО-2017 қонақтарын қабылдауға әзір

Қазақстанның барлық вокзалдары Астанадағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтарды қабылдауға әзір. Астана, Алматы-1, Алматы-2, Көкшетау, Бурабай шипажайы, Қарағанды станцияларының вокзалдары ағымдағы жөндеулерден өткізіліп, вокзалдар маңы көкжелектендірілді.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта