Слайд



Пассажирам Грузоотправителям

Покупка билетов онлайн

Начните вводить название станции, затем выберите станцию из предложенного списка

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың тәуекелдіктерін басқару

Компания тәуекелдіктерді басқарудың Компанияны және оның еншілес ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесінің оның құны мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдіктер деңгейін  уақтылы сәйкестендіруге және төмендету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған негізгі құрамдасы ретіндегі маңыздылығын мойындайды.

Компанияның тәуекелдіктерін басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдіру «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ұсыныстарын орындау аясында жүзеге асырылады, оған сәйкес тәуекелдіктерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу «Тәуекелдіктерді корпоративтік басқару – «Біріктірілген модель» COSO моделіне (2004) сәйкес жүзеге асырылады.

Банк-контрагенттерге арналған өтімділік тәуекелдіктерін, кредиттік тәуекелдіктерді басқару

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өтімділік тәуекелдіктерін Өтімділік тәуекелдіктерін басқару жөніндегі жалғыз акционердің талаптарына сәйкес бақылайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) өтімділік тәуекелдігін ақшаның болжамды және нақты қозғалысын тұрақты мониторингтеу және қаржылық міндеттемелерді өтеу мерзімдерін салыстыру жолымен басқарады.

Өтімділікті жоғалту тәуекелділігін басқару қағидасына сәйкес Компания күн сайынғы негізде өтімді құралдардың ағымдық қалдықтарын және өтімді құралдардың жоспарланып отырған түсімін/жылыстауын талдауды жүргізеді, тоқсан сайынғы негізде өтімділік тәуекелдіктерінің мониторингін, сондай-ақ қаржылық ковенанттар бойынша бастапқы мәндердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. 

Компания Басқармасының шешімімен Компанияның контрагент банктеріне арналған теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелер бойынша лимиттер бекітілген. Бұл лимиттер «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Компанияларының контрагент банктеріне арналған теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелер бойынша лимиттер белгілеу саясатына сәйкес белгіленген. Компания ай сайынғы негізде контрагент банктерге тікелей міндеттемелер бойынша лимиттерге бақылау мен мониторингті жүзеге асырады.

Басқарма шешімімен максималды жол берілетін елдік лимиттер бекітілген. Компания ай сайынғы негізде елдік лимиттерге бақылау мен мониторингті жүзеге асырады.

Валюталық тәуекелдікті, пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелдікті (пайыздық тәуекелдік) басқару

Компания негізінен қарыз басым бөлігінде АҚШ долларымен тартылатындықтан АҚШ доллары бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдікке ұшырайды. Осы тәуекелдікті басқару аясында Компания күн сайынғы негізде  USD/KZT валюталық бағамдарының, сондай-ақ  USD/RUR, USD/EUR бағамдарының валюталық бағамының, мұнай, шикізат бағаларының өзгеруіне ықпал ететін басқа көрсеткіштерге мониторингті жүзеге асырады. Бұл ретте уақытша еркін ақшаны басқару кезінде валюталық тәуекелдікті бақылау мақсатында Компания АҚШ долларымен көрсетілген уақытша еркін ақшаның деңгейін бақылайды.

«КТЖ» ҰК» АҚ тәуекелдіктерін басқару саясатына (Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 28 мамырдағы шешімімен бекітілген, №6 хаттама) сәйкес Компания тоқсан сайын Компаниялар тобының ағымдық валюталық ұстанымына мониторингті, сондай-ақ пайыздық тәуекелдікті бағалауды жүзеге асырады.

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша АҚШ долларындағы валюталық ұстаным деңгейі (701 млрд.) теңгені құрады. 2015 жылғы  30 қыркүйектегі жағдай бойынша Швейцар франкіндегі валюталық ұстаным деңгейі (- 58 млрд.) теңгені құрады, ол 2014 жылдың 2-тоқсанында 285 млн. Швейцар франкі сомасына еурооблигациялар шығарумен байланысты.

Компанияда тоқсан сайын валюталық тәуекелдік сезімталдығын талдау, пайыздық ставкаларға қатысты сезімталдықты талдау жүргізіледі. Бұл ақпарат Компанияның 2014 жылғы аудиттелген жылдық шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі форматындағы «Қаржылық тәуекелдіктерді басқарудың қаржылық құралдары, мақсаттары мен саясаты» ескертпесінде көрсетілген.  

Жүк тасымалдары деңгейінің төмендеуі тәуекелдігін басқару

Экономикалық жағдайдың нашарлауы теміржол көлігімен жүк тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көлемдерінің төмендеуіне, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының ұлғаюына әкеліп соғуы мүмкін және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына кері әсер етеді. Компания өз қызметінің тиімділігін көтеру, транзиттік тасымалдарды ұлғайту, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру (шығыстарды қосымша қысқарту) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Операциялық тәуекелдіктерді басқару (қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және экология тәуекелдіктері)

Топ Қазақстан теміржол инфрақұрылымының иесі және операторы болып, сондай-ақ Қазақстандағы жолаушылар және жүк жылжымалы құрамының, локомотивтердің ең ірі операторы және иесі табылады. Осыған байланысты, Топ магистральдық жолдарда жүк және/немесе жолаушылар поездарының соқтығысуын, рельстен шығып кетуін қоса алғанда, қозғалыс қауіпсіздігінің тәуекелдіктеріне ұшырауы мүмкін. Бұл тәуекелдікті басқару үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ поездар қозғалысымен байланысқан поездардың қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда.

Өндірістік жарақаттану тәуекелдіктерін басқару шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану профилактикасы және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыруда, қызметкерлер өзінің (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қайғылы оқиғалардан міндетті түрде сақтандырылуын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-технологиялық тәуекелдіктерді басқару

Топ қозғалыс кестесін және т/ж операцияларының өзге аспектілерін үйлестіру, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу, жолаушылар поездарына билеттерді сату, жүктердің жеткізілуін қадағалау және көптеген басқа операцяларды орындау үшін телекоммуникациялық желілерді және компьютерлік жүйелерді пайдаланады. Компания ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер қызметінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді. Компания ақпараттық қауіпсіздік бойынша ISO/IEC 27001:2005 халықаралық стандартына сәйкестікке арналған сертификаттаудан өтті.






Трансформация АО «НК «КТЖ»
Трансформация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта