Слайд



Пассажирам Грузоотправителям

Покупка билетов онлайн

Начните вводить название станции, затем выберите станцию из предложенного списка


Трансформация АО «НК «КТЖ»
Трансформация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»

Балаларға қамқорлық

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы темір жол жұмысшыларының балалары əке-шешелерінің жолын қуып, темір жол саласының дамуына елеулі үлес қосатынына сене отырып, жас ұрпаққа көп көңіл бөледі. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жыл сайын, жастардың арасында темір жол жұмысшыларының имиджін арттыруға бағытталған, балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырады.

Осындай іс-шаралардың бірі - Балаларды қорғау күні мерекесі аясында мерекелік қойылым мен ашық есіктер күнін ұйымдастыру. Сонымен қатар, жұмысшылардың балаларының қатысуымен «Балауса болашақ» балалар сурет байқауы, «Алтын қалам» өлеңдер мен əңгімелер, «Бала шаттығы Қазақстан темір жолы», «ҚТЖ балғын аруы мен сұлтаны» өнер мен сұлулық сайыстарын өткізеді. Оған қоса, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайын жаңа жыл қарсаңында іс-шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар таратады.

Балалардың дамуы мен сауықтыруына көп назар аудара отырып, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жұмыскерлерінің балаларын мектеп демалысы кезінде, оқудан бос уақытында балалар сауықтыру курсын өтіп, уақытын көңілді әрі қызықты өткізу үшін Қазақстан Республикасының балаларға арналған сауықтыру орталықтарына жолдамаларымен қамтамассыз етеді.

1400 ден астам Компания жұмысшыларының балалары 2010 жылдан 2014 жылдар аралығында алыс шет елдері Болгария, Түкия, Біріккен Араб Әмірлігі, Шри Ланка Республикасы мен Тайланд патшалығына барып оралды.

Компанияның 2015 жылға арналған Кризиске қарсы Бағдарламасын орындау аясында балаларға арналған лагерлерге жолдамаларды сатып алу қаржысы оңтайландырылды. Осыған орай, келесі жылдары шетелдік балаларға арналған лагерлерге жолдамалар Компанияның әлеуметтік шығын бюджетінде қаржы болған жағдайда сатып алынады.

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта