Слайд



Пассажирам Грузоотправителям

Покупка билетов онлайн

Начните вводить название станции, затем выберите станцию из предложенного списка

ҚТЖ нысандарын жекешелендіру: табысы, қиындығы, болашағы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –да «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен «Жекешелендіру Бағдарламасын жүзеге асыру: табысы, қиындығы, болашағы» тақырыбына баспасөз брифингін өткізді.

Жекешелендірудің екінші кезеңіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияның активіндегі 34 нысанды саудаға шығарды. Оның 25-ін биылғы жылы сату көзделіп отыр. Сауда екі сатыдан электронды және ашық саудадан тұрады.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ электронды саудаға 9 активін шығарса, оның үшеуінің жеңімпазы анықталды.

-Сауда қорытындысы бойынша активтердің бастапқы бағасы екі есеге дейін көтеріліп, жалпы құны 2,6 млрд, теңгені құрады. «МАК-Екібастұз» ЖШС бастапқы бағасынан 3,6 есеге дейін өсті,-деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Алмас Лепесбаев.

Биылғы қарашада 6 нысан саудаға шығарылады. Олардың қатарында

«АТБ +» ЖШС, «Ақ Берен» ЖШС, «Ғасыр – Манғыстау» ЖШС, «Біржан – Атырау» ЖШС, «Бас - Балхаш 2004» ЖШС и 13% АО «Каскор – Транссервис» АҚ бар. Аталмыш кәсіпорындар негізінен Ұлттық компанияға және жылжымалы құрам иелеріне жөндеу жөніндегі қызмет көрсетеді.

«Каскор – Транссервис» АҚ темір жол көлігімен тасымалдау, жолдарды жөндеу және құрылысын жүргізу, кіре беріс жолдарға қызмет көрсетеді. Әрбір активтің келісім бойынша белгіленген клиенттері бар. Тұрақты инвесторларға сапалы қызмет етеді.

-Саудаға шығарылған алты нысанның үшеуі жарғылық қорының 100 пайыздық акциясы бойынша «Локомотив» АҚ қарамағына кіреді. Соңғы үш жылда олардың табысы тұрақты өсіп келеді. Бұл өз кезегінде тұрақты тапсырыс берушілердің шешімдеріне де байланысты,-дейді «Локомотив» АҚ Атқарушы директоры Асқар Мажимов.

- Әрбір активтің қол қойылған қолданыстағы келісім шарттарына орай, қалыптасқан клиенттер базасы бар. Сондықтан да тұрақты инвестордың компания болашағына алаңдаушылығына еш негіз жоқ,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Алмас Лепесбаев.

Жеке иелікке берілген компанияның иелері еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын қарастырады. Актив саудаға шығарылған кезде болашақ иелерінен:

  • кәсіпорынның профильдік қызметін 1 жыл көлемінде сақтау,
  • жұмыс орнын 1 жыл көлемінде ұстау,
  • қол қойылған ұжымдық келісім шартта көрсетілген еңбеккерлер алдындағы міндеттемені бір жыл көлемінде сақтау талап етіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






Трансформация АО «НК «КТЖ»
Трансформация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта