Слайд



Пассажирам Грузоотправителям

Покупка билетов онлайн

Начните вводить название станции, затем выберите станцию из предложенного списка

«Темір жол көлігі» №40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті

«Темір жол көлігі» №40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті (бұдан әрі – № 40 ТК) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы базасының негізінде темiржол көлiгi саласында ұлттық, өңірлік және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында «Темір жол көлігі» техникалық комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасы орынбасарының 2002 жылғы 20 наурыздағы № 94 бұйрығымен құрылған.

№ 40 ТК Төрағасы:

Котырев Батыр Қуанышұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Бас инженері.

№ 40 ТК Төраға орынбасарлары:

Қуанышев Бахытжан Мұхамбетұлы – «ҚазККА» акционерлік қоғамының Президенті-Ректоры.

Қанатбаев Талғат Әбдіжаппарұлы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры.

№ 40 ТК хатшысы:

Текебаева Аида Абылханқызы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың Техникалық саясат және реттеу департаментінің бас менеджері.

№ 40 ТК жұмысы отандық өнiмнiң iшкi және сыртқы нарықта бәсекеге қабiлеттiлiгін қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдермен өнiм (технологиялар, қызметтер) саудасы бойынша алмасу кезінде техникалық кедергілердi болдырмау үшiн ұлттық стандарттардың сапалық деңгейiн жоғарылатуға, оларды халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.

Мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және технологиялық институттардың, конструкторлық бюролар мен ұйымдардың, өндiрушiлердің және тұтынушылардың, қауымдастықтардың (№ 40 ТК қызметі төңiрегiнде олар құрылған жағдайда), сондай-ақ анағұрлым жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті және темiржол көлiгi немесе стандарттау саласында жұмыс тәжiрибесi мол, № 40 ТК жұмысына қатысуға және қабылданған мiндеттемелердi орындауға келісім білдірген өзге де мүдделі тараптардың өкiлдері № 40 ТК мүшесі бола алады.

 






Трансформация АО «НК «КТЖ»
Трансформация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта