Слайд



Пассажирам Грузоотправителям

Покупка билетов онлайн

Начните вводить название станции, затем выберите станцию из предложенного списка

ТҚжәнеЖ – дамудың жаңа қадамы

Қазақстанның теміржол саласынының өндірістік және техникалық әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік міндеттерді іске асырудағы жетекші рөл атқаратын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ел экономикасының дамуына қомақты үлес қосуда. Әрине, болат магистралінің одан әрі дамуы компанияда енгізілетін жаңалықтарсыз мүмкін емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ауқымды жобаларының бірі – «Техникалық қызмет көрсету және жөндеу басқаруының жаңа моделін енгізу (ТҚжәнеЖ)».

Жоба активтердің барлық тіршілік ету циклы ішінде, оларды құру немесе сатып алу сәтінен бастап және пайдаланудан шығару кезеңімен аяқталатын, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін, бірыңғай өндірістік активтерді басқару жүйесін құру және енгізуге бағытталған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральді желі дирекциясы», «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу басқаруының жаңа моделін енгізу басталды. Жоба қысқа уақыт аралығында пайда алуға мүмкіндік беретін «жедел жеңістерден» теміржол саласында институттық өзгерістерді қалыптастыратын міндеттерге дейін міндеттердің толық кешенін қамтиды, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев.

Компанияның ауқымды жобаларының бірін тиімді іске асыру үшін, командамен активтерді басқару жөніндегі ең үздік әлемдік тәжірибелері, сондай-ақ консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі жетекші әлемдік компаниялардың, активтерді басқару жүйесінің тәсілдерін әзірлеуші-институттардың ұсыныстары зерттелді.

Бүгінгі таңда өндірістік активтерді басқару саласындағы саясаты, негізгі қызметте іске қосылмаған өндірістік активтерді оңтайландыру бойынша жол картасы әзірленді және бекітілді.

Батыр Котырев атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты - активтердің техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың тиімділігін арттыру, сенімділігі мен қауіпсіздігін жетілдіру, өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл активтерге қызмет көрсету шығындары және активтердің істен шығу тәуекелі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

«Жедел жеңістер»

«ТҚжәнеЖ» жобасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіне әсері туралы айта келе, бас инженер өндірістік компания активтерінің қоржынын оңтайландыру және сервистік ұйымдардың қызметін басқару тәсілдерін әзірлеу сияқты «жедел жеңістерге» назар аударды.

Жобаны іске асыру барысына бақылау жүргізу үшін негізгі қызметке жатпайтын активтерді пайдаланудан шығару, әзірлеу, жалға беру бойынша қадамдар әзірленген. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалындағы - «Магистральді желі дирекциясы», «ҚТЖ – Жүк тасымалы», «Жолаушылар тасымалы», «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамдарындағы активтерге талдау жүргізу аясында шамамен 4,8 мың ондайлар анықталды.

Батыр Котырев атап өткендей, алдын-ала бағалаулар бойынша, осы міндетті орындау нәтижесінде компания 2018 жылдың соңына дейін 2 млрд. теңгеден артық пайда алады.

Сонымен қатар, қолданыстағы локомотив қызметін талдау. Компанияның бас инженерінің айтуынша, мамандармен әлемдік тәжірибеде қолданылатын локомотивтерге сервистік қызмет көрсету бойынша негізгі үш моделі зерттелген, сонымен қатар Қазақстан жағдайында оңтайлы нұсқа қаралады.

Осы міндетті орындау үшін әлемдік тәжірибесі бар және үздік практикаларды білетін консалтингтік компанияны тарту жоспарланған. Тұтастай алғанда, локомотивтерге сервистік қызмет көрсету жылдық құнының күтілетін үнемдеуі 5% - ға дейін 2017-2018 жылдары жаңа сервистік шарт жасау есебінен, - деді Батыр Котырев.

Сенімділік бағдары

Техникалық қызмет көрсету, негізінен, жабдық сенімділігіне бағдарланған, бюджеттік шектеулер және әр түрлі тәуекелдерді ескере отырып, жүйелердің, жабдықтардың барынша мүмкін пайдалану дайындығы кезінде штаттан тыс жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді. Сондықтан, компанияда активтер базасы қалыптасады, жоспарлау, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге жеке тәсілді таңдау үшін, оларды функционалдық, туындайтын функционалдық істен шығуы, олардың әсері мен салдары бойынша жіктеу жүргізіледі. Жоспарларында қызмет көрсету тәсілдерін, жөндеу мен қызмет көрсетудің барлық түрлерін бюджеттеу қағидаттарын көрсете отырып, шығындарды бақылауды, адами ресурстарын диагностикалау, мониторингілеу және басқаруды ескере отырып, ТҚжәнеЖ стратегиясын әзірлеу.

            

Болашақта функционалдық талаптарды, әдістемелерді әзірлеу, содан кейін Магистральді желі дирекциясының өндірістік активтерін жіктеу, сондай-ақ компанияның іске қосылмаған активтерін оңтайландыру бойынша жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Батыр Котырев компанияға 2021 жылға дейін шамамен 14 млрд. теңге пайдаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ТҚжәнеЖ» жобасын енгізудің оң әсерін атап өтті.

Жобаны іске асыру бүкіл өмірлік циклінде активтерді басқарудың құралын қалыптастыруға мүмкіндік береді: жобалау және жоспарлаудан істен шығару және кәдеге жаратуға дейін. «ТҚжәнеЖ» процестерді автоматтандыру арқасында процестің ашықтығы мен тиімділігі артады, адами және материалдық ресурстарды жоспарлаудан бастап, және орындалған жұмыстарды тіркеу мен материалдарды есептен шығарумен аяқталатын, - деп қорытындылады Батыр Котырев.






Трансформация АО «НК «КТЖ»
Трансформация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
Приватизация АО «НК «КТЖ»
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка