Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Қазақстан-Қытай: тиімді логистика

Еуропаға Қазақстан арқылы шығатын Қытайдың көліктік логистикалық жобасы тиімділігімен көзге түсіп, Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесі мен «Ұлы Жібек жолы» бизнес семинары жұмыс тобының назарына ұсынылды.

- 2012 жылы «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында тиісті темір жол әкімшіліктерінің және Чунцин қаласы Үкіметінің қатысуымен Бірлескен кәсіпорын құрылып, Чунцин- Дуйсбург бағдарында тұрақты контейнерлік бағдары ұйымдастырылды,- деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Көліктік логистиканы дамыту орталығының директоры Рустам Жиенәлинов.- Қазіргі таңда контейнерлік пойыз аптасына бір рет қатынайды. Жүктерді ресімдеу көліктік бірыңғай ілеспе жүк қағазымен атқарылады. Ол арқылы Еуродақ шеңберінде контейнерді шекаралық ресімдеу мерзімі едәуір қысқарады. Бүгінге дейін Чунцин –Дуйсбурге бағдарына 7 мың 830 (ДФЭ) жиырма тонналық бірлік көлемінде 89 пойыз құрастырылды. Пойыздардың орташа жылдамдығы тәулігіне 590 шақырымды құрады. Жылдымдығы Қазақстан ішінде тәулігіне 840 шақырымға дейін жеткізілді. Осылайша, пойыз 10769 шақырымды небәрі 16 тәулікте жүріп өтеді. Таяу болашақта он тәулікке жеткізу көзделіп отыр. 

 

 

Осындай көрсеткішті Қазақстан арқылы өтетін тағы бір контейнерлік пойыз көрсетіп отыр.  Қытайдың Чэнду қаласынан шығатын контейнерлік пойыз Достық арқылы Польшаның Лодз қаласына 9559 шақырымды 13 тәулікте басып өтеді. Оның орташа жылдамдығы Қазақстан ішінде тәулігіне 978 шақырымды алса, кей телімдерде 1100 шақырымға дейін жетеді. Контейнерлік (Қытай) Чженчжау –Достық – Гамбург (Германия) пойызы 10,5 мың шақырымды 16 тәулікте жүріп өтеді. Бұл басымдық жүк жөнелтушілер тарапынан жоғары бағаланды. Себебі, 2012 жылға қарағанда Еуропамен Қытай арасындағы контейнерлік жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 84 пайызға артқан. 
Логистика орталығы басшысының айтуынша, 2014 жылы тағы да үш жүрдек контейнерлік пойыздар жасақталады. Олар Сиань – Қазақстан - Өзбекстан, Шеньжень - Қазақстан, Ляньюньгань– Қазақстан бағдарларына шығады.
 
 «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
 

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта