Алматы- 2 темір жол вокзалы штаттық режимде жұмыс жасайды

Алматы-2 темір жол вокзалын жабу туралы  айтуға әлі ерте. «Вокзал-қызмет» АҚ санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарын орын алған олқылықтарды уақытында қалпына келтіріп  жатқандығы туралы дер кезінде құлақтандырды.

Шындығында Алматы-2 темір жол вокзалы маңында Шығыс аймақаралық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық департаменті темір жол көлігіндегі бірқатар кемшіліктерді анықтады. Оның ішінде асфальттің шөгуі, төселген тастардың бүлінуі, вокзалға кіре берістегі суағар жүйесінің жұмысындағы ақау барлығы белгілі болды. СЭС нормаларының  бұзудың 22 оқиғасы кездескен. Қазіргі күні оның 19-ы қалпына келтірілді. 
 
2013 жылғы қыркүйектің 10-ына дейін «Вокзал -қызмет»   АҚ басшылығы Алматы мемлекеттік санитарлық басқармасына көліктегі қалған 3 санитарлық жағдайды қалпына келтіре  алатындығы туралы кепілдеме хат жолдады. 
 
Қазіргі таңда «Вокзал-қызмет» АҚ Алматы-2 темір жол вокзалына жөндеу жұмыстарын жасауға ашық байқау ұйымдастырудың шараларын жүргізуде. Оның ішінде суағар арналарын қалпына келтіру және вокзалдың ішіндегі бөлмелерде ауа баптағыш айналысын қамтамасыз ететін қызмет түріне жүргізіледі.
 
«Вокзал-қызмет» АҚ хатында барлық аталған жұмыстарды 2014 жылғы қаңтардың 1-іне дейін аяқтайтындығы туралы кепілдік беріп отыр.
 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі