Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астана қаласындағы «Тальго» жолаушы вагонын шығару зауыты

2010 жылы «Қазақстан темір жолы»ҰҚ» АҚ және «Патентес Тальго С.Л.» испаниялық компаниясы арасында Астана қаласында темір жол жолаушы вагонын өндіру мен оларға техникалық қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорнын құру туралы шарт жасалды.

2011 жылдың желтоқсанында жолаушылардың заманауи жүрдек вагондарын шығаратын «Тальго»  жаңа зауыты іске қосылды.

Кәсіпорын жылына 150 вагон шығарады, өндірістің бастапқы кезеңдерінде  жылына 30-дан 140 вагонға дейін шығарады деп жоспарланған. Вагондардың конструкциялық жылдамдығы -200 шақырым/сағ, бұл жылдам қозғалыстарда пайдалануға жақсы. Дөңгелектердің еркін аспасы, вагондардың топсалы біріктірмесі, Қазақстанның климаттық өзгерістеріне бейімделгіштігі  жолаушыларға жайлылық сыйлап қана қоймай, олардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру мақсатында зауытта 366 жаңа жұмыс орны құрылады, локализация деңгейі  56 %-ға  жетсе, бір жұмысшының еңбек өнімділігі 98 мың. АҚШ долларын құрайтын болады.

2015 жылы өндірістегі қазақстандық үлестің көлемі 56 %-ға жетеді.

Жаңа өндіріс ҚР-да жүрдек жолаушы тасымалын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосады. Нәтижесінде барлық облысаралық бағыттарда пойыздың жүру уақыты 2 есе қысқармақ.

2012 жылдың 1 шілдесінен Астанада құрастырылған Тальго вагондарынан құралған жаңа пойыз Алматы-Петропавл бағыты бойынша қатынай бастады.  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка