Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауыты»

Отандық локомотивтердің өндірісі Қазақстанның Үдемелі Индустриялық-Инновациялық Даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Аталмыш локомотивтер «General Electric» компаниясының заманауи технологияларымен құрастырылуда және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім саналады. Осының нәтижесінде отандық машина құрастыру өнімдеріне басқа елдердің қызығушылығы артып отыр.

Жаңа машиналар сынақтың 19 түрінен өткізіледі. Оның ішіне электрлік және механикалық сынақ, тұтастай дизель-генераторлық қондырғының жұмысын тексеру, корпус жіктерінің беріктігі, сондай-ақ «ҚТЖ»ҰК» АҚ магистральды жолдарында өткізілетін жол жүру сынақтары кіреді.

Қазіргі заманғы кәсіпорынның конвейерлік жолынан,  орташа есеппен алғанда, айына ТЭ33А маркалы 6-8 жүк тасу локомотивтері құрастырылып жатыр. Осындай көрсеткішті ұстап тұру мақсатында цех қызметкерлері 3 аусымда жұмыс істейді, зауытта жұмыс тәулік бойы жүріп тұрады.

Нәтиже: Локомотивтерді құрастыру зауытында 2011 жылдың қарашасында «Evolution»  сериясымен жолдық нөмірі 100 мерейтойлық локомотив жарыққа шығарылды. 2011 жылдың аяғына дейін барлығы 109 локомотив халықтың игілігіне жол тартты. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 100 дананы қамтиды.

Тәжікстан Республикасына қазақстандық алты локомотивтің жіберілуіне байланысты екі ел арасында экспорт жөнінде келісім-шартқа қол қойылды.





Оценка дизайна web-сайта