Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Бұқаралық спорт және дене-шынықтыру, сауықтыру бойынша

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы дене шынықтыру мен спортқа көп көңіл бөледі.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт жұмысы ең алдымен келесі мақсаттарды шешуге бағытталған:

  • Денсаулықты күшейту және сала жұмыскерлерінің ауыруын төмендету;
  • Түрлі ауруларды алдын-алу;
  • Теміржолшылардың жоғары жұмысқабілеттілігін қолдау;
  • Еңбек ұжымдарының бірлігін және ішкі бірлестік бәсекелестік рухын нығайту;
  • Теміржолшылар және олардың жанұялары арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт жұмысын 14 жол бөлімшеде және Достық станциясында спорт бойынша нұсқаушылар ұйымдастырады.

Олардың қызмет көрсету аясына 397 теміржол көлігінің ұйымдарынан 90 мың сала жұмыскерлері кіреді.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында дене шынықтыру мамандарымен жалпы басқару мен жұмысты үйлестіру, «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері мен республиканың барлық аймақтарындағы теміржолшылардың арасында жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу Әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарма іске асырады.

Барлық дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысы жүргізілетін негізгі құжат «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығымен бекітілген бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспары және бір жылға жасалынатын жол бөлімшелерінің жарыстарының және бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспары болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өткізілетін барлық шешуші жарыстарға дейін жол бөлімшелерде, тораптарда, кәсіпорынның ұйымдарында өткізіледі. Жыл сайын теміржол көлігінің кәсіпорынында 20000 астам теміржолшыларды қамтитын шамамен 500 бұқаралық спорт шаралары өткізіледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығымен бекітілген бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес бізде үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, жеңіл атлетика, шахмат, балалар топтары арасында шағын футбол бойынша чемпионаттар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қысқы және жазғы спартакиадалары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері арасындағы Спартакиада өткізіледі. 2010 жылдан бастап «Папа, мама, я – спортивная семья» спорт мерекесін өткізу дәстүрге айналды.

Барлық жол бөлімшелері мен ірі теміржол тораптарында «Наурыз» мерекесіне, Көлік және байланыс қызметкерлері күні - кәсіби мерекесіне арналған бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

2010 жылдың мамырында Халықаралық теміржолшы спортшылар одағының (USIC) 49-ы Конгрессінде Қазақстан Республикасының атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ кіруі туралы шешім қабылданды. Енді 2011 жылдан бастап, біздің Компания USIC аясында өтетін жарыстарға қатысу құқығын иеленді. Ал 2014 жылдан жоспарланған спорт шарасын ұйымдастырып, өткізу құқығын иеленді.

2011 жылы біз USIC ұйымдастырған чемпионатқа қатыстық:

- баскетбол бойынша (Варна қ., Болгария) - 2 орынды иелендік;

- волейбол бойынша (Екатеринбург қ., Ресей) - 9 орын.

Астана қаласында шоғырланған «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты, филиалдары және еншілес ұйымдарының қызметкерлерін сауықтыру мақсатымен, Компанияның әкімшілік ғимаратында спорт залы мен бассейн (баскетбол, волейбол, мини-футбол бойынша секциялық сабақтарға арналған) ескерілген.

Әрбір спорт жарысы бойынша фотостенд безендіріледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ өткізілетін спорттық іс-шаралар БАҚ-да жарық көреді. Барлық мәліметтерде негізгі мәселе болат магистралінің еңбеккерінің салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 





Оценка дизайна web-сайта