Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Ақпараттық саясаты

1.  ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанясы» акционерлік қоғамының ақпараттық саясаты (бұдан әрі – саясат) Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына, «Самұрық» Холдинг» АҚ Басқарма Төрағасының 2007 жылдың 7 қыркүйегіндегі №117-П бұйрығымен бекітілген  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанясы» акционерлік қоғамының корпоративті басқару Кодексіне, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жарғысымен және корпоративті басқарудың халықаралық тәжірибесіне сай жасалған.  

2. Саясат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) Жалғыз акционері мен өзге де қызығушылық танытқан тараптарға ақпаратты берудің реті мен шарттарын анықтай  Қоғамның ішкі құжаты болып табылады. 

3. Саясатта төмендегі ұғымдар мен терминдер қолданылған:

Көпшілік алдында сөз сөйлеу– Қоғам басшылары мен жетекшілердің бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) қатысатын конференция, форум, семинар, видеоконференциялар мен өзге де шараларда жасайтын баяндамасы.

Медиа-план– БАҚ-та жарияланатын мақала, сұхбат, қаржылық жылдық есеп пен өзге де ақпараттар, Қоғамның вице-президентімен бекітілетін радио мен телеарналарға берілетін сұхбат аталған құжат негізінде жүзеге асырылады.

Корпоративті веб-сайт – Мамандандырылған техникалық құралдар арқылы жасалып, бір атаумен аталатын  электронды құжаттар (беттер) топтамасы. Ол Интернет желісінде Қоғам туралы ақпаратты тарату мақсатында пайдаланылады.

Корпоративті коммуникациялар - Қоғам мен мүдделі тұлғалардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қоғам саясатын мүделлі тұлғаларға түсіндіру, Қоғам беделін қалыптастырып, имиджін қолдау. Қоғамның стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру үшін қоғамда оңтайлы пікір қалдыру.

4. Осы Саясатта қолданылатын өзге де түсініктер Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарында көрсетілген анықтамаларға сәйкес қолданылады.

5. Қоғамның осы Саясаты Жалғаз акционерлік Қоғам мен мүделлі тараптарды Қоғам туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етуге және ақпаратқа еркін қол жеткізуге бағытталған.

6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғам коммерциялық және қызметтік құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етеді.

7. Қоғам туралы ақпаратты даярлау Бұқарамен байланыс Департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жүктелген. Департамент корпоративті коммуникациялармен байланысты медиа-план және өзге де құжаттарды әзірлейді. Департаменттің Қоғам туралы ақпараттарды әзірлеудегі іс-әрекеттерін Қоғамның Басқарма Төрағасы бақылайды.    

2. АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ

8. Қоғам мүдделі тараптарға ақпаратты жариялауда келесі принциптерді ұстанады:

1) жарияланатын ақпараттың толыққандылығы мен шынайылығы;

2) ақпаратты шұғыл түрде даярлау;

3) Қоғам туралы ақпаратты үнемі және дер кезінде жариялау;

4)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын коммерциялық, қызметтік және өзге де құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) Қоғамның ашықтығы мен оның коммерциялық қызығушылықтары арасындағы тепе теңдікті сақтау;

6) жалпы жұртшылыққа бірдей ақпаратты жариялау;

9. Қоғам Компания қызметкерлері мен еншілес кәсіпорындарға ақпаратты жариялауда келесі принциптерді ұстанады:

1) ақпараттық қолдау;

2) Қоғам қызметкерлері мен еншілес кәсіпорындарды  толыққанды, расталған, объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

3) жансақ ақпараттың таратылуын болдырмау;

4) Қоғам туралы жансақ ақпаратқа қарсы әрекет ету;

10. Қоғам ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде береді.

11. Қоғамның Жалғыз акционері мен тұрақты инвесторлары туралы қандай да бір жағымсыз ақпарат расталған жағдайда, Қоғам ол ақпаратты жариялаудан бас тартпайды. 

3. АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

12. Ақпаратты жариялау дегеніміз – барлық қызығушылық танытқан тараптарға ақпаратты қолжетімді ету.

13. Қоғам ақпаратты жариялауда келесі амалдарды қолданады:

1)      ақпаратты  www.railways.kzкорпоративті веб-сайтында жариялау;

2)      корпоративті мерзімдік басылымдарды шығару;

3)      корпоративті веб-сайтта Компания қызметі туралы жылдық есептерді жариялау;

4)      фото, видеоматериалдарды орналастыру;

5)      ақпаратты қағаз күйінде табыстау;

6)      ақпаратты БАҚ-та жариялау (отандық және шетелдік БАҚ);

7)      Қоғамның уәкілетті өкілдерінің баяндама, сұхбат т.б беретіндігі туралы БАҚ-ты ақпараттандыру;

8)      Қоғамның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция, пресс-тур, кездесулер, семинарлар т.с.с өткізу;

9)      Отандық БАҚ-та пресс-релиз жариялау;

10) Жарнамалық, ақпараттық-имидждік полиграфиялық өнімдерді (буклет, брошюра, трифлет т.б) тарату;

11) Белгілі ақпараттық себептерге байланысты PR акциялар мен тұсаукесерлер өткізу;

14. Қоғам ақпаратты жариялауда Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ақпаратты жариялаудың талаптарына жауап беретін өзге де жолдарды пайдалануға құқылы.

15.  Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары Қоғам логотипі бар ақпараттық – имидждік, жарнамалық полиграфиялық өнімдердің эскизін Департаментпен келісуге міндетті. Бірыңғай корпоративті стильді ұстану мақсатында Департамент Қоғам логотипі қолданылатын құжаттар, қаптамалар мен өзге де өнімдерге мониторинг жүргізеді.

4.   АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУДЫҢ РЕТІ

16. Қоғам өзі және атқаратын қызметі туралы ақпаратты қажеттілік туындаған жағдайда жариялайды.

17. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Интернет желісінде ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

18. Қоғамның жылдық есебінде келесі ақпараттар жарияланады:

1) Қоғамның директорлар Кеңесі Төрағасының сөзі;

2) Қоғамның Басқарма Төрағасының сөзі;

3) қызметтің негізгі нәтижелері;

4) Қоғам алдына қойылған мақсаттар, тапсырмалар мен қызметтер және оларды жүзеге асырудың нәтижелері;

5) Қоғамның даму стратегиясы туралы ақпарат;

6) Қоғам миссиясы;

7) Қоғам қызметінің негізгі бағыттары;

8) Қоғамның мақсаты мен тапсырмалары;

9) Қоғамның жыл бойғы қызметін бағалау. Оның ішінде жоспарланған нәтижелер мен қол жеткізген нәтижелерді салыстырып, соңғы үш жыл ішіндегі динамиканы саралау;

10) корпоративті оқиғалар туралы ақпарат;

11) негізгі нарық;

13) Қоғамның инвестициялық жоспарлары туралы ақпарат;

14) алдағы уақыттағы мақсаттар туралы ақпарат;

15) Қоғам тәуекелдерінің негізгі факторлары мен тәуекелді басқару жүйесі туралы ақпарат;

16) Қоғамның Жалғыз акционері туралы ақпарат;

17) Қоғамның корпоративті басқару жүйесі туралы, оның ішінде Қоғамның ұйымдастыру құрылымы, Қоғамның орган құрылымы, олардың функциясымен құрылысы туралы ақпарат;

18) Қоғамның директорлар Кеңесі мен Қоғамның директорлар Кеңесі комитеті қызметінің есебі. Қабылданған маңызды шешімдер.

19) Қоғамның Басқарма мүшелері мен директорлар Кеңесі мүшелерін марапаттаудың негізгі принциптері;

20)   корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саясаты туралы ақпарат, оның ішінде қызметкерлердің денсаулығын қорғау сұрақтары, біліктілігін арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаға ортаны қорғау;

21) жылдық қаржылық есеп пен аудиторлық қорытынды;

19. Қоғамның жылдық есебі үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. Қоғам жылдық есептің мүдделі тараптардың арасында барынша таралуын қамтамасыз етеді.

20. Корпоративті веб-сайтта келесі ақпараттар орналастырылады:

1) Қоғамның жылдық есебі;

2) Қоғам туралы жалпы мәліметтер: Қоғам миссиясы, негізгі тапсырмалар, Қоғамның қызмет түрлері мен мақсаттары, өзіндік капитал мөлшері, активтер мөлшері, Қоғам қызметкерлері мен таза табыыс.

3) Қоғамның стратегиялық дамуы;

4) Қоғам қызметінің негізгі бағыттары;

5) Қоғамды құру туралы шешім;

6) Қоғам жарғысы мен оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;

7) Қоғам органдарының қызметін реттеуші ішкі құжат;

8) Қоғамның корпоративті басқару кодексі;

9) Қоғамның іскерлік этика кодексі мен оны сақтауға бағытталған механизм туралы ақпарат;

10) тәуекелді басқару саясаты;

11) Қоғамның директорлар Кеңесі комитетінің ережесі;

12) ішкі аудит қызметінің ережесі;

13) Қоғамның ұйымдастыру құрылымы;

14) Қоғамның дивидендті саясаты;

15) Қоғамның қаржы – шаруашылық қызметі басшылығының сараптамасы мен бағасы;

16) Қоғамның сыртқы аудиторы туралы ақпарат: сыртқы аудитор атауы, сырты аудиторды марапаттау көлемі (аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер үшін), сыртқы аудит саясаты, сыртқы аудит көрсететін қызметтер тізімі т.б;

17) Қоғам капиталының құрылымы туралы ақпарат: шығарылған акциялардың номиналды құны мен саны, акция ұсынатын құқықтардың сипаттамасы, жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың номиналды құны мен саны, Қоғамның Жалғыз акционері туралы ақпарат, оған тиесілі қарапайым акциялардың үлесі мен саны;

18) Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдері;

19) Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімдері;

20) корпоративті оқиғалардың жылдық күнтізбесі;

21) корпоративті оқиғалардың айлық күнтізбесі;

22) жасалған келісім шарттар туралы ақпарат;

23) ірі келісім шарттар туралы ақпарат;

24) тұрақты даму мен өзге де қаржылық емес есеп туралы ақпарат;

25) Қоғам Басқармасының мүшелері туралы ақпарат:

- Фотосуреті

- Аты-жөні

- Туған жылы

- Азаматтығы

- лауазымы мен атқаратын қызметі

- негізгі және қосымша білімі (оқу орнының атауы, аяқтаған жылы т.б)

- соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі

26) Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелері туралы ақпарат:

- Фотосуреті

- Аты-жөні

- Туған жылы

- Азаматтығы

- Қоғамның директорлар Кеңесі мүшесінің лауазымы (Қоғамның тәуелсіз директоры, Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі)

- директорлар Кеңесі мүшесінің атқаратын қызметі          

- негізгі және қосымша білімі (оқу орнының атауы, аяқтаған жылы, біліктілігі т.б)

- соңғы бес жылдағы еңбек тәжірибесі

- негізгі жұмыс орны мен қосымша атқаратын қызметтері

- директорлар Кеңесіне қабылданған уақыты т.б

27) Қоғамның жылдық қаржылық есебі;

28) Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерін марапаттау саясаты;

29) Қоғам Басқармасы мүшелерін марапаттау саясаты;

30) Қоғамның директорлар Кеңесімен орнатылған қызметтің мақсатты көрсеткіштері;

31) тауарларды сатып алуды ұйымдастыру туралы ақпарат;

32) Қоғамның аффилирленген тараптарының тізімі;

33) Қоғам филиалдарының тізімі;

34) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері (немесе актінің белгілі бір тұстары);

35) Қоғамның есептік саясаты туралы ақпарат;

36) Қоғам қатысатын мемлекеттік және нвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат;

37) ақпараттық Саясат;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де құжаттар (ақпараттар), Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен, Қоғамның Басқармма Төрағасымен қабылданған құжаттар;

39) Қоғамның корпоративті басқармасы туралы ақпарат:

- Қоғам құрылымы мен орган құзыры;

- Қоғамның директорлар Кеңесі комитетінің тізімі мен атқаратын қызметтері;

- Қоғамның директорлар Кеңесі комитетінің құрамы;

- Қоғамның директорлар Кеңесі отырыстарының саны;

- Қоғамның директорлар Кеңесі комитеті отырыстарының саны;

- Қоғамның директорлар Кеңесіне үміткерлерді ұсынудың үдерісі;

- Қоғамның директорлар Кеңесі отырсына ұсыныстарды енгізу үдерісі;

- Қоғамның ішкі аудиті туралы, Қоғамның директорлар Кеңесі жұмысын бағалау саясаты туралы ақпарат;

- Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерімен өткізілетін тренингтер туралы ақпарат;

- ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелді басқару жүйесі туралы ақпарат;

- мемлекеттік органдармен келісуді талап кететін сұрақтар тізімі;

40) Қоғамның корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі мен саясаты туралы ақпарат;

41) дивидендтер туралы ақпарат;

42) еншілес кәсіпорындар тізімі мен олар туралы ақпарат;

43) жаңалықтар мен пресс-релиздер;

44) ақпараттық саясатты анықтайтын және ақпаратты жариялау үдерісінің тиімділігі туралы, компания мөлдірлігі туралы ақпарат;

21. Қоғам Басқармасының мүшелері туралы ақпарат Қоғам Басқармасының секретариатымен беріледі. Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелері туралы ақпаратты Қоғамның хатшысы Департаментке жолдайды. Жолданған материал 5 күн ішінде орналастырады.

22. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінде болып жатқан оқиғалар, іс-әрекеттер туралы хабарлама. Қоғам туралы немесе Қоғамда болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтар төменде көрсетілген мерзім аралығында жарияланады:

1) БАҚ-да ақпарат 3 жұмыс күні ішінде жарияланады;

2) Қоғамның ресми сайтында оқиға болған күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс;

23. Болып жатқан оқиға міндетті түрде пресс-релиз түрінде жариялануы тиіс. Қоғам болғып жатқан оқиға туралы ақпаратты өзге де жолдармен бере алады. Бірақ, ол тек презз-релиз жарияланғаннан кейін немесе пресс-релизбен қатар таратылуы тиіс. Пресс-релизді Қоғамның кез-келген құрылымдық бөлімшесі жазуға құқылы. Алайда, жазылған пресс-релиздің жобасы міндетті түрде Департаменке ұсылады. Департамент өз кезегінде қажет болған жағдайда өзгертулер мен түзетулерді енгізіп, пресс-релизді даярлаған құрылымдық бөлімшемен келісіледі. Пресс-релиздің соңғы жобасын Департамент Қоғамның Басқарма Төрағасымен немесе вице-президенттермен бекітіп, жариялауға ұсынады. Пресс-релиз қазақ және орыс тілдерінде жарияланадық қажет болған жағдайда ағылшын тілінде жазылады. Аталған пресс-релиз Департаменттің мәліметтер базасында көрсетілген республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының электрондық мекен-жайларына жіберіледі. Ал Қоғамның ресми сайтына пресс-релиз келісілген уақыттан кейін екі сағат ішінде жариялануы тиіс.

24. Қоғамның қызметі туралы берілген сұхбаттар мен мақалаларды Қоғамның құрылымдық бөлімшелері Департаментке ұсынады. Департамент материалды өңдеп, түзетіп жұмыс тәртібінде Қоғам басшыларымен келіседі.

25. Қоғамға БАҚ өкілдерінен келіп түскен сұраныстар жауапсыз қалмауы ттиіс. БАҚ-на Қоғам атынан ұсынылатын ақпараттар жазбаша түрде табысталады. Келіп түскен сұранысқа жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімшелері 3-7 жұмыс күні ішінде Департаментке берулері тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйес сұраныс сараптаманы, зерттеуді қажет ететін болса, сұраныс 30 күн ішінде беріледі. Департамент БАҚ-нан келген сұраныс хатты Қоғамның Басқарма Төрағасына, вице-президенттер мен басқарушы директорларға ауызша немесе жазбаша түрде беруге құқы бар. БАҚ сұранысында мемлекеттік, қызметтік құпия болып саналатын құжаттар, материалдар мен ақпараттар сұратылған жағдайда Қоғам оған жауап бермеуге құқылы. БАҚ-на табысталған жауап шындыққа сай болмаса немесе қателіктер табылған жағдайда ақпарат үшін жауапкершілік ақпаратты әзірлеген құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне артылады.

26. Қоғам қызметі туралы пресс-релиз, хабарламалар, жарнамалық материалдар мен өзге де ақпараттар Қоғамның БАҚ-мен жарияланады. Қажет болған жағдайда брошюралар мен буклеттер де әзірленеді.

27. Қоғам қажет болған жағдайда маңызды оқиғалар, іс-шаралар қарсаңында пресс-конференциялар ұйымдастырып, Жалғыз акционердің өкілдерімен, инвесторлар мен инвестициялық аналитиктермен, сондай-ақ, мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізеді. Қоғамның Жалғыз акционері Қоғам басшылығымен кездесу ұйымдастыруды сұратқан жағдайда, көрсетілген мерзім аралығында бұл кездесу өтізілуі тиіс. Кездесуді ұйымдастыру мүмкін емес болса, жазбаша түрде Қоғамның Басқарама Төрағасы атынан жауап хат жазылу керек.

28.  Қоғам қазақстандық және халықаралық коныеренциялар мен форумдарға белсенді ат салысып, қатысуға тырысады.

29. Қоғам өзінің Жалғыз акционерінің сұранысына жауапты мерзімі көрсетілмеген жағдайда) 30 күн ішінде жолдайды.

5. ҚОҒАМ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ РЕТІ

30. Қоғамның директорлар Кеңесі Төрағасы, Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесі мен Қоғамның БасқармаТөрағасы Қоғам атынан көпшілік алдында сөз сөйлей алады. Қоғамның өзге қызметкерлері мен жетекшілері Қоғам атынан конференция, жиналыс, семинарлар мен отырыстардасөз сөйлеп, пресс-конференция, брифинг, видеоконференцияларға, қоғамдық шараларға қатыса алады. Сондай-ақ, Қоғам Басқармасы Төрағасының рұқсатымен отандық және шетелдік БАҚ-на сұхбат бере алады.

31. Қоғамның директорлар Кеңесі Төрағасы директорлар Кеңесі бекіткен шешімдерді талқыға салып, ресми пікір білдіреді. Директорлар Кеңесінің мүшесі көпшілікке өз ойын айтып, пікірін ортаға салуға құқылы. Директорлар Кеңесі Комитетінің Төрағасы болып табылатын директорлар Кеңесінің мүшесі Комитет отырыстарында қабылданған шешімдерді мүдделі тараптармен бөлісуге құқы бар.

32. Департамент даярлаған баяндама материалдарды ұсынған құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жазбаша түрде келісілуі тиіс. Осыған орай құрылымдық бөлімшелердің басшылары ақпараттың дәлдігі мен шынайылығына өзі жауап береді.

33. Департамент баяндама мәтінін толық баярлап, бекіткеннен кейін ғана құрылымдық бөлімше басшылары мен өзге де жетекші тұлғалар баяндаманы көпшілік алдында жариялай алады.

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

34. Саясат талаптарының сақталуын Қоғамның Басқармасы қадағалайды.

35. Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғамның Басқарма Төрағасынан Саясат пен Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы туралы ақпаратты сұратуға құқы бар.

36. Қолданыстағы Ережемен реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен және Қоғамның директорлар Кңесімен шешіледі.

37. ҚР заңнамасына өзгерістер енгізілген жағдайда осы Саясаттың жеке бөлімдері өз күшін жойып, ҚР-ның заңнамасына қайшы болып табылады. ҚР-ның заңнамасына сүйене отырып Саясатқа өзгерістер енгізілгенде ғана Саясаттың жеке бөлімдері өз күшіне енеді. 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта