Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Тұрғын үй саясаты

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы (әрі қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) теміржол саласындағы кадр әлеуетін сақтап, салаға еңбеккерлердің ынтасын арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктерді орындайды. Оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне қолжетімді жекеменшік тұрғынүй алуына қолайлы жағдай жасайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті бекіткен Тұрғын үй комиссиясы туралы Ережеге сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында жұмыс топтары құрылған. Олар еңбеккерлердің тұрғынүйге қатысты өтініштерін алдын ала қарағаннан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының тұрғынүй комиссиясына ұсыныс түсіреді.

Орталық аппаратта тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебін және тұрмыс жағдайын жақсартуды «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлері, ал филиалдарда кадр қызметінің персоналы жүргізеді.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтудың екі бағдарламасы іске асырылып жатыр:

1.«ҚТЖ» ҰК» АҚ2011-2015 жылдарға арналған Тұрғын үй бағдарламасы («ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасы 2011 жылдың 27 шілдесінде №02/27 хаттамасымен бекіткен). Аталмыш бағдарлама бойынша жұмысшыға тұрғын үйді жеке меншігіне беру төлемді 15 жылға бөліп төлеу қағидасымен жүзеге асады.

2.Еңбеккерлердің тұрғын үй мәселесін шешу кезіндегі әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының (2009 жылғы қарашаның 26-сындағы №02/42) шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ шалғай 3,4,5 сыныпты стансалардың еңбеккерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтудың Ережесі жасалған. («ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының еңбеккерлерін қызметтік пәтермен қамтуЕрежесі). Қызметкерлердің еңбек етуіне қолайлы болу үшін қызмет орнына жақын жерден үй салынады. Тұрғын үйді еңбеккердің жекеменшігіне алуына болмайды.

Тұрғын үйді бөлу мен оның кезегінің ашық та әділ жүргізілуі үшін үй кезегіне тұрған үміткерлер балдық жүйе бойынша іріктеледі. (Іріктеу мәселесімен толыққанды танысу үшін Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне тұрғын үй бөлу және ақы төлеу мерзімін ұзарту және тұрғын үйге мұқтаж жандарды тіркеуге қою, тұрғын үйін кеңейту туралы Ережесімен танысуыңызға болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрғын үй саясатын жүзеге асыру:

2007 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерді тұрғын үймен қамту мақсатында Астанада «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінен 206 пәтер сатып алып, еңбеккерлерге бөлді. Пәтер бөлу тәртібі бөлінген пәтерге жеңілдікпен ақы төлеу (еңбеккердің қызмет өтіліне орай тұрғын үйдің 10, 20, 30 пайыздық мөлшері деңгейінде ) қарастырылды.

2008 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астанада «Краун Плаза» тұрғын үй кешенінен 80 пәтер сатып алып, еңбеккерлерге 15 жылдық жеңілдетілген ақы төлеу әдісімен (бірдей үлесте, артық төлемақысыз) берілді.

2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Республиканың жеті аймағынан 172 пәтер сатып алып, еңбеккерлерге 15 жылдық жеңілдетілген ақы төлеу әдісімен (бірдей үлесте, артық төлемақысыз) берілді.

2012 жылы 31.01 Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен құрылыс компаниясы арасында (76 мың шаршы метрлік) тұрғын үйді «кілтке тапсыру» әдісімен 1000 пәтерге мұқтаж еңбеккерлерге арналған тұрғын үйдің құрылысын жүргізу туралы Келісім шарт жасалды.

Оған қоса «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлердің тұрғынүй жағдайын жақсарту мақсатында «Самұрық- Қазына» Жылжымайтын мүлікқоры» Акционерлік қоғамымен, қалалар мен облыстардың әкімдіктерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. 2011 жылы Астана қаласының әкімдігі 20 жалға алынатын пәтер бөлді. Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне бөлінді.

Қызметтік тұрғын үймен қамту

Қазіргі таңда Солтүстік және Орталық Қазақстандағы төрт жол бөлімшесінде 230 үй салудың Жобалық сметалық құжаттары жасалуда. Құрылысын 2012 жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарланып отыр.

Өзен- Түркменстанмен мемлекеттік шекара жаңа жол телімінде 189 үй, Жетіген –Қорғас жол телімінде 400 пәтер салынды. Ақтоғай стансасында 10 үй тұрғызылды. Мақат стансасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы мен еншілес кәсіпорнының еңбеккерлеріне арналған 20 үй құрылысы жүргізілуде.

Ұлттық компания еңбеккерлерін қызметтік пәтермен қамту кезіндегі ашықтық пен жариялылықты, әділдікті қамтамасыз ету мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының еңбеккерлерін қызметтік пәтермен қамту туралы Ережесі жасалып, бекітілген.

Қазіргі таңда осы мақсаттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта