Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Сұрақ - жауап

Құрметті сайт қонақтары, Сіз бізбен осы Transformation@railways.kz мекен-жайы арқылы хабарласып, Трансформациялау бағдарламасы аясында кез келген сұрақты қоя аласыз.
 
1. Бизнесті трансформациялау дегеніміз не?
Бизнесті трансформациялау дегеніміз – тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және табыстылықты арттыруға бағытталған терең, жүйелі және тұрақты өзгерістер. 
 
Бизнесті трансформациялауды тұтастай сипаттағанда, бұл - түпкі мақсаты компания акцияларының құнын ұлғайту болып табылатын, компанияның, нысаны мен мазмұны бойынша, күрделі және ұзақ өзгеріс процессі екенін айта кету керек.
 
2. Трансформацияның бастамашысы кім?
6 қазан 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске қосты. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» халыққа Жолдауында әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдыратынын атап өтті. Сондықтан қазіргі заман талаптарына сай болу үшін уақытпен бірге өзгеру қажет, ал бизнесті трансформациялау - ұлттық компаниялардың жаһандық прогресс жолында өзіндік құралы болып табылады.
 
3. Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында қандай жақсартулар күтілуде?
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында күтілуде:
  • қызметтің тиімділігін арттыру;
  • бизнес–процестерді және олардың арасындағы өзара әрекеттесуді жетілдіру;
  • бірыңғай қағидаттардың, бірыңғай деректер мен жалпы ережелер негізінде бірыңғай әдіснамалық базасын құру;
  • қызметкерлердің материалдық ынталандыруын арттыру;
  • қазіргі заманғы талаптарға, жоспарлау және тасымалдауды ұйымдастыру әдістеріне сәйкес келмейтін технологияларды ауыстыру;
  • өтінімдерді төлеу процесін автоматтандыру.
Бағдарламаның міндеттері әлемдік экономиканың талаптарына сәйкес қалыптасқан, атап айтқанда: қызметтердің қолжетімділігі және сенімділігі (сақталуы мен қауіпсіздігі), клиентке бейімделі, уақтылы және тез жеткізу, келісімшарттық сапасына сәйкес тарифтердің икемділігі, қосымша қызметтердің болуы (алдын-ала ақпараттандыру, мультимодальдық және логистикалық қызмет көрсету) және т. б.
 
4. Бизнесті трансформациялау бағдарламасының түпкі мақсаты қандай?
Бизнесті трансформациялау бағдарламасының аясындағы барлық процестер аяқталғаннан кейін Компания сапалы жаңа деңгейге шығады. Қазіргі кездегі қол еңбекпен жүзеге асатын көптеген процестер автоматтандырылған режимге ауыстырылатын болады. Бұл, өз кезегінде, жұмыс уақытының санын және қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, операциялық тиімділік артады – бұл бағыттағы дұрыс және жоспарлы жұмыстың операциялық және қаржы көрсеткіштерді жақсартуға зор әлеуеті бар. Сонымен қатар, көптеген қайталанатын процестер біріктіріледі; өзгерістер, сондай-ақ, қызметкерлерге әсерін тигізеді – мотивациялық құрамдастар қайта қаралып, жаңа ҚБК көрсеткіштерін енгізу, оқыту және біліктілігін арттыру арқылы әрбір қызметкердің тиімділігі ұлғаяды.
 
5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қандай әлемдік көшбасшы компанияларға бағдарланады? Салыстырмалы талдау жүргізілді ме?
Компанияның нарықта орналасқан позициясын анықтау үшін, бизнесті оңтайландыру үшін, перспективалық өсу нүктелері мен бағыттарын табу үшін, біз жалпы бизнесті жүргізу жолдары, пайдалылық және соңғы 3-5 жыл ішінде өсуді қолдау қабілеті бар ұқсас әлемдік компаниялардың негізінде бенчмаркинг жүргіздік.
Біздің салыстырмалы талдауымыздың нәтижелеріне сәйкес, жиынтық өлшемдер бойынша сала көшбасшысы Union Pacific Солтүстік Америкалық компаниясы болып табылады. Салыстырмалы талдау нәтижелерінің негізінде, Компанияға жүк тасымалдаудың негізгі өнімдік сегменттеріне, олардың ықтимал пайдасы мен қызмет көрсету құнына фокусты күшейту және де, нақты және іске асатын, нарықтың дамуы мен мүмкіндіктерді болжау жаһандық стратегиясын әзірлеу қажет екендігі туралы тұжырым жасалды.
Өзгерістерге және үлкен бәсекелестіктің күшеюіне, өз бизнесін трансформациялау арқылы, бейімделе алатын компаниялар ғана аман қала алады. Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Трансформациялау бағдарламасы ағымдағы жағдай мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, кең ауқымды өзгерістердің тәжірибесін толық ескереді. Бизнес шешімдер Deutsche Bahn AG, General Electric, IBM, Сбербанк және т.б сияқты үздік халықаралық және салалық көшбасшыларының тәжірибелеріне негізделген.
 
6. «ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы Қазақстандағы көлік саласына әсер етеді ме?
Әрине, әсер етеді.
Осы даму кезеңінде Қазақстанның көлік саласы әрекет етуді қажет ететін елеулі сыртқы сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр, атап айтқанда:
  • экономикалық өсудің баяулауы және тауар айналымының төмендеуі, Қазақстанның көлік саласының дәстүрлі экспорттық жүктерді тасымалдау көлемінің құлдырауы;
  • ұлттық валюталарының девальвация сериясының салдарынан тұтынушы аймақ елдерінің сатып алу қабілетінің төмендеуі;
  • құрлық елдерінің саяси келіспеушіліктері, Ираннан санкцияларды алып тастау;
  • Қытайдың батыс және орталық аудандарының қарқынды дамуы, тасымалдарды субсидиялаудың қытайлық бағдарламасы;
  • «Жібек жолы» экономикалық белдеуін қалыптастыру аясындағы инфрақұрылымдық жобалар;
  •  Еуразия құрлығында ықпалдасу процестерінің күшеюі.
Бұл жағдайларда транзиттік тасымалдарға назар аудара отырып, клиентке бейімделуді күшейту қажеттілігі айқын болып отыр.
 
Бұл көліктік-логистикалық қызметтердің жаһандық жоғарғы бәсекелестік нарығына шығуын білдіреді.
Қатал бәсекелестік жағдайында альтернативті балама құрлық және теңіз маршруттары бар тасымалдаудың халықаралық нарығында орын иелену үшін қажет:
  1. сыртқы ортаның қарқынды өзгерістеріне сәйкес, тез және бейімделуге қабілетті, компанияның икемді құрылымына ие болуы керек (баға конъюнктурасы, тұтынушылар сұрауы, бәсекелестер және т. б.);
  2. клиентке бейімделген болу және қызметтерді тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап беру;
  3. өз қызметін тартымды және бәсекеге қабілетті бағалармен ұсыну үшін өз қызметін тиімді және өнімді жүзеге асыру.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациялау бағдарламасы бұл міндеттерді шешеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ базасында мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша транзитке бағдарланған көліктің барлық түрлерін теңдестірілген дамуын бірыңғай үйлестіру мақсатымен барлық көлік активтерін біріктірген көліктік-логистикалық холдинг қалыптастырылғандықтан, Бағдарламаның іске асуы тек теміржол саласына ғана емес, сондай-ақ ҚР бүкіл көлік саласына ықпал етеді.
 
7. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ трансформация процесін бастаған басқа қоржынды компаниялар қатарында қандай орынға ие?
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Самрұқ-Қазына» Қорының алғашқы компанияларының бірі болып Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті және бизнесті ауқымды қайта құру бойынша іске асырылған шаралардың мерзімі мен сапасы бойынша көшбасшы болып табылады.
 
Компания бизнесті реинжинирингтау бойынша барлық қажетті дайындық жұмыстарын аяқтады. 2015 жыл ішінде және 2016 жылдың басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму стратегиясы өзектендірілді, процестер моделі қалыптастырылды, қызметтің стратегиялық негізгі көрсеткіштері (ҚНК) бекітілді, жаңа ИТ-архитектура мен ҚНК ағашы әзірленді.
 
5 сәуір 2016 года «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының бизнесті трансформациялау және модернизациялау бойынша Кеңесінде алғашқы екі «Диагностика және Дизайн» және «Жоспарлау» кезеңінің қорытындысы шығарылып, Компанияның қызметіндегі негізгі өзгерістердің практикалық енгізуіне ресми старт берілді.
 
8. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Іске асыру» кезеңіне көшті. Бұл трансформацияның соңғы кезеңі. Ағымдағы кезеңнің ерекшеліктері мен маңызды сәттері қандай?
Қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыру бойынша белсенді фазасына көшті. 2017 жылға Жол картасы – іс-шаралар сипаттамасы, мерзімдері мен жауапты тұлғаларды қамтитын трансформацияны өткізу бойынша ірілендірілген іс-шаралар жоспары қалыптастырылды. Осы іс-шаралар неғұрлым егжей-тегжейлі қадамдарға бөлінген, жобалық командалар, бастамаларды енгізуге жауаптылар қалыптастырылған.
 
3 кезең қойылған мақсаттарға жету үшін келесі қадамдарды анықтауға қатысуға және оның іске асуына көптеген қызметкерлерді тартуды көздейді.
 
9. Деректерді басқару кеңсесі дегеніміз не?
Деректер – бұл сауатты басқара білуді қажет ететін құнды ақпараттық актив. Сондықтан дәл «Деректерді басқару кеңсесі» жобасы Жол картасының бастама нүктесі болуы кездейсоқтық емес.
 
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ әртүрлі жүйелерде әр түрлі интеграцияланбаған анықтамалықтар бар. Бұл анықтамалықтар Компанияның АТ құрылымын қолдап ұстайды. Бизнестің мастер-деректерді басқару үрдісіне қатыспауы және мүдделі болмауы деректер сапасының төмендеуіне әсер етеді.
Гартнер әдіснамасына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ 0-ден 5-ке дейін қоса диапазонында деректерді басқару бойынша 3-і жетілу деңгейінде орналасқан. Деректерді басқару жүйесінің болмауы - қайталауға, артыққа және сәйкессіздіктерге әкеледі, бұл өз кезегінде, бизнес-шешімдерді қабылдау тиімділігін төмендетеді.
 
Сондықтан кәсіпорын анықтамалықтарын біріздендіру және сапасын арттыру мақсатында, деректер сәулетін жобалау, деректерді басқару процестерін құру және оларды автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізетін деректерді басқару кеңсесі құрылады.
 
Осы жоба аясында мастер-деректерді басқару бойынша құзыреттер орталығы құрылды, деректердің иелері мен кураторлары бекітіледі, деректердің сапасы талап етілетін деңгейге дейін артады, деректерді басқару тұрғысынан Компанияның кемелденуі артады.
 
10. Трансформациялау бағдарламасы қызметкерлерге қалай әсер еді?
Бизнесті трансформациялау нәтижесінде бюрократия азайып, қызметкерлердің жоғары уәждемесі үшін жағдайлар мен тетіктер жасау, еңбегі сіңгендерді марапаттау жүйесі, сондай-ақ Компанияның кіріс өсімі қызметкерлердің жалақысына тиісінше әсер етеді.
 
Әрбір қызметкердің жалпы нәтижеге жетудегі жоғарғы деңгейдегі тартылу мен ынталануы клиенттердің қанағаттанушылығын айтарлықтай арттыруға, нәтижесінде Компания қызметтеріне сұранысты, меншікті капиталдың жалпы құнын барынша арттыруға және елдің әл-ауқатын арттыруға (салықтар, жаңа жұмыс орындары, инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту, қашықтықты қысқарту және т.б.) үлесін тигізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.
Жаңа басқару жүйесі – бұл Компанияның өзіне, өзінің миссиясы мен қоғамдағы рөліне жаңа көзқарасы, бұл қызметкерлердің Компания нәтижелері мен жұмыстағы өздерінің рөлін жаңа қабылдауы; бұл қызметті оңтайландыру және ресурстарды неғұрлым тиімді қолдана отырып, дамудың жаңа нүктелерін табу.
 
11. Бағдарлама аясында қызметкерлерді жаңалықтар мен оқиғалар туралы тұрақты ақпараттандыру үшін қандай құралдар пайдаланылады?
Компанияның ресми сайтында Бағдарлама туралы қажетті ақпараттың барлығы: баспасөз-хабарламалары мен мақалалары, фото/видео-галереясы, байланыстар мен команда ұсынылған, түйін тезистері мен деректері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Трансформациясы» қолжетімді бөлімінде орналасқан.
Қызметкерлер үшін тұрақты негізде ең маңызды ақпарат – жаңалықтар, іс-шаралардың баспасөз-хабарламалары, статистика, жиі қойылатын сұрақтар және т.б. қамтитын дайджест (электрондық хабаршысы) шығарылады
 
Трансформациялау командасы қолда бар корпоративтік БАҚ белсенді пайдаланады. Бұл биылғы жылы өзінің 85 жылдығын атап өткен және тек қалалар мен ауылдарда ғана емес, сондай-ақ әрқашан интернетке шығуға мүмкіндігі жоқ, ең шалғай және шағын станцияларында танымалдылығын әлі жоғалтпай жүрген апталық «Қазақстан теміржолшысы» газеті. Сондай-ақ, салалық «Транс-Экспресс Қазақстан» журналында сұхбат, аналитикалық мақалалар, жазбалар мен өзге де өзекті мәліметтер жарияланады.
 
Ең мобильді және белсенділерге Facebook әлеуметтік желісінде "KTZ Business Transformation Program" тобы бар, мұнда маңызды ақпараттан басқа жариялаумен бөлісу, пікір қалдыру, тақырыпты талқылау, өз контентін немесе фотосын орналастыруға мүмкіндік бар.
 
Сонымен қатар, сіз әрқашан сауал немесе ұсыныс бойынша Transformation@railways.kz электронды мекен-жайы немесе мына 60-47-66 және 60-47-95 телефондары арқылы хабарласа аласыз.





«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта