Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Транзиттік тасымалдар дамуы

Қазақстан Республика Президентінің қойған тапсырмаларын жүзеге асыру және транзит әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында бірінші кезекті міндеттер:

  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тартуға арналған жүктерді тасымалдауға, баламалы маршруттар мен көліктің турлері мен өткір бәсекелестік және транзиттік жуктердің қосымша көлемдерін тарту жағдайында икемді тарифтік саясатын жүргізу.
  • Шекаралық Достық стансасын дамыту және Ақтоғай – Достық темір жол желісін Достық стансасын өткізу және қайта өңдеу қабілетін 2015 жылға қарай 25 млн. тоннаға дейін ұлғайту мақсатында нығайту.
  • Біртұтас біріктірілген көлік логистикалық сервисін құру және трансконтинентальдық жүк ағындарын тиімді игеру мақсатында екінші Алтынкөл – Қорғас халықаралық темір жол шекаралық өткелін және «Қорғас» Шығыс қақпалары еркін экономикалық аймағы, шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығын дамыту.
  • Еуропалық бағытта және Парсы шығанағы бағытында жүктерді тасымалдауды ұлғайту үшін Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу (988 км), Арқалық – Шұбаркөл (214 км темір жол) жаңа темір жол желілерін жұмысқа енгізу.
  • Алдынғы қатарлы әлемдік логистикалық компаниялардың тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне барлық көлік активтерін (әуежайлар, Ақтау теңіз порты, Қорғас Еркін экономикалық аймақ (МЦПС) халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы) біріктіру жолымен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ базасында ұлттық мультимодальдық оператордың құрылуы, ол қазақстандық көлік дәліздерінің тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын жүктеуді қамтамасыз ететін және сапалы сервисті (жылдамдық, сервис, құн, тұрақтылық, сақталу) ұсынатын ұлттық мультимодальді операторының пайда болуы.
  • «Тура мерзімінде» қағидаты бойынша жол жүрудің бекітілген қатаң графиктері бойынша тұрақты негізде трансконтинентальдық маршруттар бойынша контейнерлік поездарды ұйымдастыру.
  • Қытай және Еуропаның ірі логистикалық компанияларымен стратегиялық серіктестікте контейнерлік (мультимодальдық) тасымалдар нарығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» ықпалының саласын кеңейту.
  • Жүктерді шоғырландыру және терминалды өңдеу сапасы мен жылдамдығын ұлғайту үшін ішкі және сыртқы терминалдық желілер құру.



Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Жүк тасымалдарының маркетингі департаменті транзиттік тасымалдар басқармасының бастығы:

Құдайбергенов Р.А. – тел. 8 (7172) 60 38 60; Kudaibergenov_R@railways.kz

Рысқұлова А.А. – тел. 8(7172) 60 38 62; Ryskulova_A@railways.kz

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта