Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржол көктемгі сел тасқынына әзірленуде

 

Көктемгі сел тасқыны маусымына әзірлік барысында қалыпты пойыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін 42 пойыз жасақтады. Теміржол, жасанды имараттарда селді өткізіп жіберу үшін пойыздар қиыршық тастармен, рельс пакеттерімен, темірбетон жентектерімен толтырылды.

Өңірлердегі теміржол дистанциялары 2,5 мың текше метр қойтастар, 6 мыңнан астам темірбетон шпалдарын жиыстырды. Таяу арада ол пойыздарға цемент, түрлі сымдар жеткізілмек. Барлық жұмыстарды үйлестіріп отыру үшін қауіпті нысандарда арнайы жұмыс топтары құрылды.

Су тасқыны қаупін анықтау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы жергілікті әкімшіліктермен және төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп су қоймалары, ауыл шаруашылығы тоспаларын тексеруден өткізуде. Сонымен қатар, мемлекеттік автокөлік кәсіпорындары су өткізу жасанды имараттарын, теміржолға жақын автокөлік жолдарының жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Оның сыртында, Компанияның өңірлік филиалдарында теміржолды қардан аршу жалғасуда. Жыл басынан бері жол бойынан 180 мың текше метр қар шығарылды. Барлық қар тазалау техникалары магистральдық желіге 600-ден астам рет шығып қайтты.

Теміржол тазалау жұмыстарына еңбеккерлер мен техникаларды жұмылдыру жұмыстары теміржол нысандарын алдағы көктемгі сел тасқынынан сақтауға бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта