Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет сапасын көтереді

 

9 ақпанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Арман Сұлтанов 2017 жыл қорытындысы мен 2018 жылға арналған тапсырмалар бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте Компания филиалдары мен еншілес кәсіпорындары басшыларының есебі тыңдалды.

Компания басшысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінің тиімділігін көтеруге назар аударып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасына тоқталды.

«Бәрінен бұрын, персоналдың қызмет көрсету сапасын көтеру керек. Халықаралық мамандар мен шеберлерді тарта отырып, персоналдың біліктілігін көтеру, оқытуды қамтамасыз ету керек»,-дейді А. Сұлтанов.

«Біз жолаушы яғни тапсырыс иелеріне қызмет көрсету кезінде өзіміздің көзқарасымызды түпкілікті өзгертуіміз керек. Ұлттық тасымалдаушы «Бәрі де жолаушылар үшін» тәртібімен заманауи талаптарды ұстануы тиіс»,- деп атап өтті А. Сұлтанов.

Компания басшысы биылғы жылға арналған басым бағыттарды белгіледі. Оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту, пойыздарға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізу, жылжымалы құрамды заманауи талаптарға сай етіп жасақтау қарастырылады.

Оның сыртында шығындарды барынша азайту, мультимодальдық тасымалдауды енгізу, электрондық билет сату технологиясын өндіріске енгізу жайы айтылды.

Жыл қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалдаудағы үздік бөлімше анықталды. «Оңтүстік» өңірлік филиалына ауыспалы Ту тапсырылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта