Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«KTZ Express» АҚ мамандары FIATA дипломдарын алды

 

«KTZ Express» АҚ теміржол және контейнерлік тасымалы саласының 20-дан астам мамандары «Халықаралық жүк экспедиторы» бағдарламасы бойынша емтихандарын жақсы тапсырды. Экспедиторларды оқыту Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы Логистика және басқару орталығында өткізілді. Бұл Орталық Азиядағы мамандарды FIATA стандарты бойынша әзірлейтін бірден- бір мекеме.

«Көлік-логистикалық кешені экономиканың маңызды секторы болып саналады. Оның уақыт талабына орай мамандар даярлауы ілгері дамуына ықпал етеді»,-дейді «KTZ Express» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Б. Сәбитова. Оның айтуынша, Компанияда персоналды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тек қана тиімді менеджерлер көлік саласының алдына қойылған тапсырмаларды дұрыс шеше алады.

«KTZ Express» АҚ Теміржол тасымалы департаментінің бас менеджері Ләззат Жұмашеваның айтуынша, Компанияның штат құрамында FIATA дипломдары бар мамандардың болуы халықаралық экспедиторлық тәжірибеде кеңінен қолданылып отырған FIATA құжаттары мен формаларын қолдану құқығын береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз мәліметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта