Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астаналық локомотившілер Жолдауды талқылады

 

12 қаңтарда Астана локомотив пайдалану депосының еңбеккерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Эрик Имашев пен Қаржы жөніндегі вице-президенті Жаслан Мадиевтің қатысуымен Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тапсырмаларын талқылады.

Еңбек ұжымының алдында Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Э. Имашев Қазақстанның әлемдегі көшбасшы дамыған елдерінің қатарына жету үшін Жолдауда айтылған он тапсармаға нақты тоқталды. Бұл өнеркәсіпті цифрлық жүйеге көшіру. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Адами капитал – жаңғыру негізі. Тиімді мемлекеттік басқару. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

«Мемлекет басшысы ел экономикасының тұрақты дамуындағы көлік-логистикалық кешенінің роліне ерекше назар аударып отыр.

«Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын серпінді дамытудағы көлік-логистикалық кешенінің роліне және оны дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр»,-деп атап өтті Э. Имашев. Ол сондай ақ, Компанияның алдындағы 2020 жылдарға дейінгі транзиттік тасымалдан түсетін кірісті жылма –жыл 5 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырмасына тоқталды.

Бұл тапсырманы орындау үшін транзиттік тасымалды төрт тараптық бағдарға «Батыс-Шығыс», «Солтүстік- Оңтүстік» бағыттарына бұрынғыдан да арттыра түсу көзделеді. Жүк ағындарын барынша тарта түсу үшін еліміздегі Көлік-логистикалық кешендері желісінің маңызды жүк шоғырландырылатын және таратылатын өңірлерінен орталық ашу көзделеді. Сонымен қатар, шетелдерден де осындай көлік-логистикалық орталықтарын жасақтау жоспарда бар.

Жолаушылар тасымалында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын барынша көтеру, жылжымалы құрамды жаңғыртуға айрықша назар аударылады.

Вице-президент Қазақстанды жаңғыртудың негізі - адами капитал екендігіне көңіл аударды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі мол мекеме ретінде өзінің еңбеккерлер алдындағы міндеттемелерін орындап, әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, еңбеккерлердің жұмыс жағдайын көтеріп, оларды жұмысқа ынталандырып келеді»,-деп атап өтті Э. Имашев.

Мәселен, 2018 жылы еңбеккерлердің айлық жалақысына он пайыздық үстеме қосылса, бұл 2010 жылғы еңбеккерлердің айлық орташа жалақысымен салыстырғанда 2,1 есеге өскендігін көрсетеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еңбек ұжымы арасында жаңадан 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық келісімге қол қойылды. Онда еңбек құқығын қорғау, ақы төлеу, еңбекті қорғау, еңбеккерлердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға Компания тарапынан әлеуметтік кепілдік қарастырылған.

Бұл маңызды құжатта ҚР Еңбек кодексіндегі талаптарға сай еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың қосымша шаралары қарастырылған. Сонымен қатар жұмыс берушінің кәсіподақпен жасалатын құжаттарының қатары да көбейген.

2018 жылғы әлеуметтік жеңілдіктерге қарастырылған бюджет 8,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 22 пайызға, 2016 жылмен салыстырғанда 37,6 пайызға жоғары көрсеткіш.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қаржы жөніндегі вице-президенті Жаслан Мадиев Компаниядағы 2017 жылы атқарылған өндіріс тиімділігі көрсеткішін көтерудің барысы туралы әңгімеледі. 2018 жылда атқарылатын қаржылық көрсеткіштерді жақсарту шараларына тоқталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына нақты тапсырма қойылды. Оны атқару үшін жаңа технологияларды енгізу арқылы өндірістік тиімділікті көтеру көзделеді»,-дейді Ж. Мадиев. Ол Компанияның қызметін тұрақты, сапалы атқаруы жалпы көлік кешенінің өркендеуіне ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуына да әсер ететіндігін атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта