Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қызылордалық жолшылар өрттен зардап шеккен отбасына көмектесті

 

Қызылордалық жол дистанциясының еңбеккерлері Абай Әбдраевтың көп балалы отбасына жаңадан үй салып берді.

Отағасының сөзіне қарағанда 2016 жылы желтоқсанда үйлері өрт салдарынан түгелдей жанып кеткен.

«Менің достарым мен әріптестерім сол бойда маған қол ұшын созды. Бірі азық-түлік әкелсе, екіншілері киім-кешек, қажетті заттарды жеткізді»,-дейді А. Әбдраев.

«Біз алғашқы күннен бастап кәсіподақпен бірлесіп, өрттен зардап шеккен отбасына үй салып беру жайын қарастырдық. Барлық еңбеккерлер көмектен тыс қалған жоқ. Барлығымыз бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла кірісіп кеттік»,-дейді жол дистанциясының бастығы Дүйсенбай Әбдиев.

Бұл оқиғаны естіген Қызылорда өңіріндегі жол бөлімшесінің еңбеккерлері де үлес қосты. Теміржолшылар қаржы жинап, отбасына жеткізді. Оған әрине барлығы жұмыла отырып, бір жылда асар әдісімен жаңадан үй салып шықты. Жылы да жайлы баспанаға қоныстанған жолшы Абай Әбдраевтың үлкен отбасы бір жыл бұрын болған бақытсыз оқиғаны бірге көтеріскен теміржолшылар қауымына шексіз ризашылықтарын білдіруде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта