Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Номад» желісі «Шығыс –Батыс» транзиттік дәлізін жалғайды

 

Құрық паром кешенінде тасымалдау құжаттарын қағазсыз «Номад» технологиясымен ресімдеудің қанатқақты жобасы іске қосылды.

Цифрлық платформада тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылар электрондық құжат алмасады. Экспорттық, импорттық және транзиттік жүктер, кеден, шекаралық басқа да мемлекеттік құрылымдарға қажетті құжаттар көрініс табады.

Қазіргі кезде бұл жүйе «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА- мен Құрық портын ықпалдастырып, қалыпты жұмыс істеп тұр.

«Қытайдағы жүк жасақталған жерден басталған осы ақпараттар жол бойы толықтырылып, біздің бірыңғай «Номад» жүйемізге түсе бастайды. Бұл өз кезегінде тапсырыс берушілер жүк жөнелтушілер, қабылдаушылар әр түрлі мақсаттағы жүктердің де қай маңайда келе жатқандығын анықтап отырады. Бұл ақпараттар тасымалдау үдерісіне басқа да қатысушыларға шекаралық өткелдердегі мемлекеттік органдардың да жүктерді өңдеу, рәсімдеуді жеделдетуіне мүмкіндік әпереді»,- дейді «Құрық порты» ЖШС Бас директоры М. Сақтағанов.

«Номад» Қазақстан-Әзербайжан теңіз порттары – Ақтау, Құрық, Баку, Алят арасында бірыңғай цифрлық платформаға айналады.

Осылайша «Номад» платформасы Шығыс пен Батысты жалғастыратын транзиттік дәліздегі электронды құжат айналымын қамтитын болады.

Мұндай ақпараттық дәліз жүктердің тізбектегі қауіпсіз жеткізілімін қамтамасыз етіп, шекарадағы өңделу мерзімін азайтады. Оның сыртында, тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылардың ақпараттық ықпалдастығының ашықтығы ондағы адами факторлардың әсерін азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді.

Цифрлық технологияны өндіріске енгізу көлік ағынын тиімді басқаруды қамтамасыз етіп, транзиттік тасымалды өсіре түседі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта